Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған қанша спорт-клуб бар?

3 ақпандағы мәжілістің кезекті пленарлы отырысында депутат Сергей Решетников Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт-клубтардың және 17 жасқа дейінгі балалардың саны туралы деректер келтірген болатын. Біз тексеріп көрдік.

Мәлімдеме: Қазақстанда қазіргі таңда 107 жасөспірім және 579 балаларға арналған спорт-клубтары бар

Решетников Сергей

Үкім: Шындық, бірақ…

Депутат 2019 жылдың статистикасымен дерек келтірген, 2019 жылдың қорытындысы бойынша расымен 107 жасөспірім балалар және 579 балаларға арналған спорт-клубтары бар. Алайда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша едәуір өскен, мысалы жасөспірім балаларға арналған клубтар саны – 602 болса, балаларға арналған спорт-клубтардың саны – 119-ға жеткен.

Мәлімдеме: Республикада қазіргі таңда 17 жасқа дейінгі 6,1 млн бала тұрады

Решетников Сергей

Үкім: Шындық

Балаларға арналған статистика сайтының мәліметінше, 2020 жылдың басында 17 жасқа дейінгі балалардың саны – 6 110 156 млн. Пайыздық мөлшермен айтқанда халықтың 32,4% құрайды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz