АҚШ президенті ЖИ қауіпсіздігі туралы бұйрыққа қол қойды

АҚШ президенті Джо Байден генератив жасанды интеллекті қолдану және дамыту ережелерін белгілейтін бұйрық шығарды. Бұл туралы The Verge хабарлады.

Құжаттың сегіз мақсаты бар:

  • қауіпсіздіктің жаңа стандартын құру;
  • ЖИ қорғау;
  • жеке мәліметтерді құпия ұстау;
  • әділдікті және азаматтық құқықты дамыту
  • тұтынушыларды, науқастарды, студенттерді қорғау;
  • қызметкерлерді қолдау, инновация мен бәсекені дамыту;
  • АҚШ-тың көшбасшылығын ЖИ технологиясы арқылы дамыту;
  • биліктің технологияны тиімді әрі жауапты қолдануын қадағалау.

АҚШ-тың Энергетика министрлігіне және Ішкі қауіпсіздік жөніндегі министрлікке жасанды интеллектің инфраструктураға төндіруі мүмкін қауіпті жою тапсырылды. Оған қоса құжатта химиялық, биологиялық, радиологиялық, ядролық қауіптерді жою және киберқауіпсіздік мәселесі жазылған. Сонымен қатар GPT OpenAI, Llama 2 сияқты ЖИ-дің үлкен тіл моделін әзірлегендер өнімдерін қауіпсіздікке қатысты сынақтан өткізіп, оның нәтижесін беруге міндетті.

Factcheck.kz