Ресейде журналист Сергей Карелин ұсталды

Ресейдің Мурманск облысында журналист, видеооператор Сергей Карелин ұсталды. Бұл туралы Медиазона басылымы өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Журналист 26 сәуірде ұсталған. Келесі күні ол экстремизмге қатысты айыппен қамауға алынды. Тергеушілердің айтуынша, оның Алексей Навальный құрған ұйыммен байланысы бар. Дегенмен Сергей Карелин мұны теріске шығарды.

Сергей Карелин – видеожурналист әрі оператор. Ол бұған дейін Associated Press, Deutsche Welle басылымдарымен әріптестік негізде жұмыс істеген.

Factcheck.kz