Израиль өз аумағында Al Jazeera қызметіне тыйым салды

Израиль үкіметі Al Jazeera телеарнасының Израильдегі кеңсесін жабу туралы шешім шығарды. Олар телеарнаның Газа секторындағы оқиғалар туралы таратқан ақпараты “ел қауіпсіздігіне қауіп төндіреді” деп есептеді. Бұл туралы Haaretz.com хабарлады.

Үкімет арнаның Израильде араб және ағылшын тілдерінде хабар таратуына тыйым салды. Осы шешім шыққаннан кейін Израиль полициясы арнаның кеңсе ретінде пайдаланып жүрген Иерусалим қонақүй бөлмесін тінтіп, кеңсесін жапты. Олар арна қызметкерлері қолданған жабдықтарды тәркіледі. Оған қоса өз аумағында арнаның уеб-сайтын бұғаттады.

Телеарна өкілдері Израиль билігінің бұл шешімін айыптады. Олардың айтуынша, олардың бұл әрекеті адам құқығын, баспасөз еркіндігін бұзады. Осылай, Израиль билігі өз халқына емін-еркін ақпарат алуға мүмкіндік бермей отыр және бұл халықаралық құқық нормаларына сай емес.

Factcheck.kz