Factcheck.kz редакциясынан деректерді жинау және тексеруге аналған ТОП-10 құрал

Бұл материалда браузердің мүмкіндігін арттыратын (расширение) және біз көп қолданатын құралдар туралы айтамыз. Олар тек журналистерге ғана емес, сонымен қатар ақпаратты іздеу мен тексеруге әуестенетін кез-келген қолданушыға пайдалы. Бұлар біз жиі қолданатын және олардың жұмысының сапасына көз жеткізген құралдар.

InVid

Ең кең тарағанынан бастасақ: WeVerify-дің ұтымды шешімі, ол фотосуреттер мен бейнелерді тексеріп қана қоймай, Twitter-ден ақпарат жинауға да көмектеседі. Тәжірибелі пайдаланушы үшін ол метадеректерді тексеру қызметтерін де, суреттің өңделгенін тексеру қызметтерін де алмастыра алады. Сіз Facebook, YouTube немесе Twitter-ден бейненің кадрлары арқылы тексере аласыз (немесе файлды жүктеуге болады). Сонымен қатар, бұл қызмет фотосуреттегі жазуларды тануға көмектеседі, жасанды интеллект кейде адамға қарағанда жақсы жұмыс істейді.

Factcheck.kz редакциясынан деректерді жинау және тексеруге аналған ТОП-10 құрал

Бұл құрал үнемі жаңартылып отырады, кейінгі жаңашылдығының бірі — бір парақшада кросс-платформалық кілт сөздерді іздеу мүмкіндігі (суреттер мен 4chan іздеуді қоса алғанда).

YouTube DataViewer

Factcheck.kz редакциясынан деректерді жинау және тексеруге аналған ТОП-10 құрал

Егер сіз үшін InVid-тің функциясы тым көп әрі қиын болса, онда YouTube DataViewer — сізге арналған қарапайым құрал. Оның алгоритмі YouTube бейнелерін негізгі кадрларға бөле отырып кез-келген видеоның қайда және қашан жарияланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сіз бейненің жарияланған уақытын нақты секундына дейін көре аласыз, бұл да көмегін тигізуі мүмкін. Пайдалану мысалы мына жерде.

RevEye

Суретті кері іздеуге арналған RevEye плагині кез-келген суретті лезде табуға мүмкіндік береді (Instagram-дағы суреттерден басқа). Ол суретті бірнеше сервисте іздеуге көмектеседі. Зомби-фейктерді анықтау үшін ең пайдалы құралдардың бірі — ТinЕye-дан іздеу. Дәл осы іздеу жүйесінің көмегімен біз шылым шегіп тұрған бигельдер туралы суреттің ізін және оның бастапқы дереккөзін таптық.

Google карта

Шын мәнінде, тек Google карта ғана емес, сонымен қатар «Яндекс» карта мен вики карталар фотосуреттің қайда және қашан түсірілгенін анықтауға көмектеседі. Карталармен жұмыс істеу бойынша толық нұсқаулықты сілтеме бойынша оқи аласыз.

Wayback Machine 

Бұл көбіне таныс вебмұрағат. Плагин деректі лезде мұрағаттауға, оның бастапқы нұсқасын көруге, Twitter-дегі параққа сілтеменің таралып-таралмағанын білуге, сайттың тіркеу деректерін және Alexa-дан трафиктің қысқаша талдауын көруге мүмкіндік береді. Желідегі кез-келген дерек жойылуы не өзгертілуі мүмкін болғандықтан, бұл өте маңызды құрал.

CrowdTangle

Factcheck.kz редакциясынан деректерді жинау және тексеруге аналған ТОП-10 құрал

Meta-ның бұл құралы белгілі бір сайттың не оның Facebook, Twitter, Reddit және Instagram парақшаларына сілтеменің қалай тарағанын көруге мүмкіндік береді. Ақпараттық ресурстың әлеуметтік капиталын бағалау үшін өте пайдалы құрал.

OpenBase

Қазақстанның мемлекеттік тізілімдері бойынша жылдам іздеуге мүмкіндік беретін Internews-тің құралы. Мұнда мемлекеттік сатып алулардан жер учаскелерінің тізіліміне және сот актілерінің банкіне дейін дерек бар. Іздеу нәтижелері бойынша сіз қай бағытта жүруге болатынын түсінуге көмектесетін деректер карточкасын аласыз.

Google ескертулері

Мониториңге арналған құрал. Егер сіз кез-келген сирек кездесетін тақырыпты және оның желіде жазылуын/айтылуын бақылап жүрсеңіз сіз үшін өте пайдалы.

Factcheck.kz редакциясынан деректерді жинау және тексеруге аналған ТОП-10 құрал

Дұрыс баптауларды қоя алсаңыз өзіңізді қызықтыратын мәселелер мен олардың жариялануы және жаңалықтар мен жалпы ақпарат құралдарында не жазылып жатқаны туралы толық есеп аласыз.

TGStat

Telegram-дағы арналар мен чаттардың статистикасы мен аналитикасына арналған сервис. Мұнда сіз арналардың рейтиңі мен олардың ықпалын бағалап қана қоймай, тематикалық іздеу жасай аласыз. Біз бұл құралды вакциналардағы графен оксиді туралы фейктің таралуын талдағанда қолдандық.

Factcheck.kz редакциясынан деректерді жинау және тексеруге аналған ТОП-10 құрал

Алайда белгілі бір аймаққа қатысты дерек іздеу үшін ақылы жазылымды сатып алуға тура келеді. Бірақ тегін функциясының өзі аз мүмкіндік бермейді.

Формалды логика мен ғылыми әдіс

Жұмыстың 90%-і құралдардың көмегімен емес, ойдың көмегімен жасалады. Әрбір ұсақ-түйекке зейін қою, логика және нақты жағдайға сай келетін ашық тәсіл — бұл жалпы медиасауаттылықтың және атап айтқанда журналист жұмысының басты бөлігі. Және бұл техникалық құралдарды қажет етпейді. Бірақ ол үнемі рефлексия мен күш-жігерді қажет етіп отырады. Кейде өзіңіздің есіңізге салып тұруыңыз керек. Сайтымызда осыған арналған формалды логиканың қысқа курсы бар.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz