Өзбекстанда фактчекиң сайты ашылды

Өзбекстанда Factchecknet.uz сайты жұмысын бастады. Бұл туралы Заманауи журналистиканы дамыту орталығы Facebook парақшасында хабарлады.

Factchecknet.uz — деректерді, көпшілік арасында және медиада тараған ақпараттарды тексеретін тәуелсіз онлайн платформа. Редакцияның мақсаты — адамдарға мағлұматтардың рас-өтірігінің ара жігін ажыратуға көмектесу.

Біз нақты жауап іздейтін, сыни ойлау, талдау қабілетін дамытуға ұмтылған әрбір адам үшін сенімді ақпарат көзіне айналатынымызға сенімдіміз. Біздің фактчекерлер ақпарат нақты әрі өзекті болуы үшін күнде пропаганда көздерін зерттеп, ресми өкілдердің уәделерін тексеріп, кызмет етіп жатыр.

Заманауи журналистиканы дамыту орталығы

Сайтқа мына сілтемені басып, кіруге болады.

Factcheck.kz