«Барлық вакцинада графен оксиді бар»: жаңа фейк қалай пайда болды?

2021 жылы 27 шілдеде жаңартылған. Фейктің басқа елдерде таралуына қатысты және оның бастапқы дереккөзі туралы ақпарат қосылды. Сондай-ақ мақала тақырыбы да өзгертілді.

Испания, Ресей, Қазақстан, Оңтүстік Корея тұрғындары Facebook-те «қазір баршаға қолжетімді вакциналардың құрамында қатерлі ісік тудыратын графен оксиді бар» деген ақпарат таратып жатыр. AFP Fact Сһеск анықтағандай, мұндай хабарламалар адамдарды жаңылыстырады. Біз жаңалықты қайта тексеріп, сіздермен бөлісуді жөн көрдік.

«Вакциналардың құрамын зерттегеннен кейін олар 99%-ға графен оксидінен тұратыны анықталды. Ол да асбест сияқты қатерлі ісікке әкеледі», – делінген Facebook-те корей тілінде жазылған мына хабарламада. Бұл ақпарат басқа тілдерде және өзге елдерде тарап жатыр.

«Барлық вакцинада графен оксиді бар»: жаңа фейк қалай пайда болды?

«Графен оксиді қазір қолжетімді барлық вакцинадан табылды», – деп жалғастырады автор. Осындай мәлімдемелер Facebook-те мына, мына, мына және мына жерде жарияланды.

Фейк қалай және қайдан пайда болды?

Бастапқыда бұл фейк Испанияда испан тілінде тарады. Өздерін «Бесінші баған» деп атайтын Альмерия университетінің «зерттеушілер тобы» вакциналардың құрамын зерттеп, олардан графен оксидін тапқан-мыс. Сондай-ақ хабарламада графен оксиді сау адамдарға тамызғыштар арқылы енгізіліп, соған байланысты «магнетизм жағдайлары» кездесетіні және бұл препарат AliExpress арқылы жеткізілетіні айтылған.

Біздің VerificaRTVE басылымындағы әріптестеріміз вирусқа қатысты бұл «зерттеуді» Альмерия университетінің қызметкеріне вакцинаға қарсы үнемі жалған ақпарат тарататын және Испаниядағы вакцинацияға қарсы қозғалыстың негізгі өкілдерінің бірі саналатын Telegram тобының жетекшісі тапсырғанын анықтады. Зерттеу жүргізу үшін Pfizer (Comirnaty) вакцинасы құйылған құты алынған, ал оны канал авторы Рикардо Дельгадо өзі ұсынған. Осы орайда бұл құтыға нақты не құйылғаны және ол Дельгадоның қолына қалай тигені белгісіз.

Альмерия университеті бұл зерттеуге қатысы жоқ екенін айтып, одан бас тартты. Себебі ол ғылымға негізделіп жасалмаған және жоғарыда айтылған бірқатар фактілерге сәйкес келмейді.

«Барлық вакцинада графен оксиді бар»: жаңа фейк қалай пайда болды?
Университеттің ресми мәлімдемесі

Айта кетейік, қолданыста бар Covid-19 вакциналарының (Pfizer-BioNTech, Moderna, AstraZeneca және Janssen) құрамына графен оксиді онсыз да кірмейді. Дегенмен графен туралы жалған ақпарат өте кең тарап кетті (қазірдің өзінде 10-нан астам елде кемінде 5 тілде).

Мәселен маусым айының соңынан бастап «Бесінші баған» каналы мен басқа да телеграм-каналдар испан тілінде «вакцина құрамының 90%-дан астамы графен оксидінен тұрады» деген жалған ақпарат таратып келеді. Төменде осы ақпараттың испан тілді Телеграм сегментіндегі таралу схемасы көрсетілген.

График, показывающий отношения между группами, которые создают контент о графене и вакцинах, созданный с помощью Gephi
Графен мен вакциналар арасында байланыс бар деген контентті таратып жүрген топтар арасындағы қарым-қатынас. Gephi құралының алгоритм есептеулеріне сәйкес, ең үлкен байланыстар – қарастырылып отырған ақпарат ең көп түйісетін жерлер.

27 шілдедегі жағдай бойынша бұл фейкті орыс тілінде 90 телеграмм-канал мен кем дегенде 79 чат таратқан. Төмендегі кестеден орыс тілді сегменттегі жағдайды көруге болады.

«Барлық вакцинада графен оксиді бар»: жаңа фейк қалай пайда болды?

Бұл фейк Facebook-те де белсенді таралуда. Оған мысал мына, мына және мына жерде.

«Барлық вакцинада графен оксиді бар»: жаңа фейк қалай пайда болды?
Пример сообщения в Facebook

Негізі графен оксиді медициналық мақсатта қолданыла ма?

Графен оксиді дегеніміз – әлемдегі ең жұқа материал, ол графеннің туындысы. Оны алғаш рет 2004 жылы оқшаулап, бөліп алған.

«Нарықта графен оксидіне негізделген вакцина жоқ», – дейді AFP-ге сұхбат берген графенге негізделген медициналық технологияны дамытумен айналысатын Biographene компаниясының зерттеушісі, доктор Пак Чон Бо.

Қазіргі уақытта қолданыста бар вакциналар «фосфолипидтер, пептидтер немесе нуклеин қышқылдарының қабаттарынан тұрады және бұл тізімге графен оксиді кірмейді», – деп түсіндірді Пак.

«Барлық қол жетімді вакциналар 99%-ға графен оксидінен тұрады» деген мәлімдеме ешқандай фактімен расталмады. Бұл туралы фактчекерлерге Сеул ұлттық университетінің наноматериалдар жөніндегі сарапшысы, профессор Хон Бен Хи айтып берді.

«Графен биомедицина мақсаттары үшін, оның ішінде вакциналар үшін де сынақтан өтіп жатыр, алайда бұл әзірлемелер әлі тәжірибе жүзінде жүруде. Клиникалық сынақтардан өтіп баршаға қолжетімді болу үшін әлі көп уақыт қажет», – дейді Хон.

Сонымен қатар Хон мырза «графен оксиді асбестке ұқсас және қатерлі ісік тудырады» деген пікірді де жоққа шығарды. «Графен құрылымы тегіс, ал асбесттікі ине сияқты, сондықтан екеуі екі түрлі. Графен оксидінің… болар-болмас уыттылығы бар, сондықтан бұл материал дәрі-дәрмектерді жеткізу жүйелерінде және in vivo диагностикалық сенсорларында қолдану үшін кеңінен зерттеліп жатыр», – деп түсіндірді ол.

Контекст

  • Өткен аптада әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Тәуелсіз дәрігерлер қауымдастығының» «SARS-CoV-2 алдын алуға арналған иммунопрофилактикалық препараттарды талдау» кешенді сараптамалық қорытындысы» атты құжаты тарала бастады. Зерттеу авторларының сөзінше, қазіргі COVID-19 вакциналары вируспен күресуге немесе осы инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға қабілетсіз. Сондай-ақ препараттар адам денсаулығы үшін өте қауіпті деп айтылған. Factcheck.kz бұл фейкті де талдаған еді.
Factcheck.kz