Нигерия фактчекерлері жасанды интеллект көмегімен ақпарат тексерді

Британиялық Full Fact фактчекиң ұйымы африкалық континентте фактчекпен айналысатын агенттіктермен серіктестігін жалғастырып жатыр. Жасанды интеллект технологиялары адамдарға жұмысты, соның ішінде 25 ақпанда Нигерияда өткен сайлау қарсаңындағы істі тиімді атқаруға көмектесті. Бұл туралы Poynter жазды.

Full Fact фактчекиңді автоматтандыру үшін жұмыс істейтін 3 құралдан тұратын жасанды интеллектінің қызметін ұсынды.

Бұл құралдар фактчекерлерді және олардың атқаратын маңызды жұмысын алмастыруға арналмаған”, – деді Full Fact компаниясының өнім бойынша аға менеджері Кэйт Уилкинсон.

Маманның айтуынша, жасанды интеллект құралы фактчекерлерге мониториң жасауда уақыт үнемдеуге ықпал етеді. Ол уақытта олар қоғамдық пікірталастардағы құндылықты табуға, мәлімдемелерді тексеруге, деректерді талдауға, сарапшылармен байланысуға және қорытынды жасауға жұмсай алады.

Жасанды интеллектің 3 құралы қазіргі уақыт режимінде жұмыс істейді: күмәнді мәлімдемелерді анықтайды, мамандарға жалған ақпарат тарағанын ескертеді және хабарды телевизия, радиодан лезде тауып, транскрипциялайды.

Full Fact өкілінің айтуынша, жасанды интеллектіні Google компаниясы қаржыландырады. Грант мөлшері — 2 миллион доллар.

Грант алғанға дейін Full Fact күніне 100-ге жуық мәлімдемені тексеретін. Ал қазір Google-дің қолдауының арқасында жасанды интеллект құралдары көмегімен күніне 100 000 мәлімдемені тексеруге мүмкіндігі бар”, – деді Кейт Уилкинсон.

Бұл құралдың артықшылықтары нигериялық фактчекерлерді ерекше қызықтырды, өйткені мамандарға 200 миллион халқы бар елдегі жалған ақпарат ағынына қарсы тұру кейде қиынға соғады.

Саясаткерлер фактчекерлер олардың мәлімдемелерін бағалағанына қарсылық танытады. Кейбірі фактчекерлер жоққа шығарған ақпаратты одан да екі есе етіп, айта бастайды. Ал кей саясаткер мен олардың жақтастары фактчекерлердің беделін түсіру үшін медиаға шабуыл жасайды”, – деді Africa Check редакторы Дэвид Аджикоби.

Full Fact-тың жасанды интеллекті Нигериядағы 2023 жылғы сайлау алдында өте пайдалы болды. Мен бұл құралдарды хабарларды және жиі тарайтын жалған ақпаратты анықтау үшін қолданамын. Жалпы айтсақ, құралдар саясаткерлерді жауапқа тартуға, адамдарға сайлау туралы нақты ақпарат алуға көмектеседі”, – деді Батыс Африкадағы тәуелсіз фактчекиңмен айналысатын Dubawa редакторы Кеми Бусари.

Factcheck.kz