OpenAI жаңа жасанды интеллект моделдерінің қауіпсіздігін бақылап отыру үшін компанияның ішінен “тәуелсіз” қадағалау органын құрғанын мәлімдеді. Бұл туралы The Verge компанияның ресми блогына сүйеніп хабарлады.
Жаңа қадағалау комитетін Зико Култер басқарады және оның құрамына Адам Д’Анжело, Пол Накасоне және Николь Селигман кіреді. Орган ЖИ-үлгісінен қауіпсіздік мәселесін байқаса, оны түземейінше өнімді шығармай, кейінге шегеруге құқылы.
Басылымның мәліметі бойынша, жаңа комитеттің құрамына компанияның директорлар кеңесі кіреді, яғни жаңа құрылымдық бөлімшенің шын мәнінде қаншалық тәуелсіз екені белгісіз.