Мали мен Нигер әскерилері ECOWAS-қа қарсы шықты ма?

Желіде “Нигерия мен Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығына (ECOWAS) қарсы соғысуға дайындалған Мали мен Нигер әскерилері бейнеленген” видео тарады. Reuters фактчекерлері бейне мен оған қатысты ақпаратты тексеріп көрді.

Видео мұндай сипаттамамен 2023 жылғы 26 шілдеде Нигерде президент Мұхамед Базумды лауазымынан алып тастау үшін болған әскери төңкерістен соң тарай бастады. ECOWAS төңкерісті қатты сынады.

Тинубу (ECOWAS-тың басшысы – ред. ) абайлауы керек. Нигерия әскері мен ECOWAS-тың бәрін құртуды күтіп тұрған Мали, Нигер Республикасы қарулы күштеріне қараңыз, олар оларға сабақ береді”, – делінген Facebook-тегі жазбада (мұнда, мұнда).

Мали мен Нигер әскерилері ECOWAS-қа қарсы шықты ма?

Мәлімдеме X сайтына да (бұрынғы Twitter) жарияланды.

Фактчекерлер видеоның алғашқы дереккөзін таппады. Дегенмен бейне Нигердағы төңкеріске дейін тарағаны анық. Видео 2021 жылғы тамызда АҚШ-тың әскері Ауғанстаннан кеткенде интернетке шыққан.

Reuters агенттігі роликтың Ауғанстанның астанасы Кабулдағы әуежайда түсірілгенін анықтады. Артқы фондағы ішкі және халықаралық терминалдар Кабул әуежайындағыға ұқсайды. Оны АҚШ әскерінің Орталық Азия елінен кетіп бара жатқандағы басқа фотоларына қарап, байқауға болады.

Factcheck.kz