Белорусьте “Настоящее время” сайты экстремистік деп танылды

Белорусьте “Настоящее время” басылымы мен әлеуметтік желідегі парақшалары экстремистік деп танылды. Шешімді 5 қаңтарда Витебск теміржол ауданының соты шығарды. Бұл туралы Беларусь Республикасының ақпарат министрлігі хабарлады.

Беларусьте “Настоящее Время”, “Настоящее Время. Азия”, “Настоящее Время. Док”, “Настоящее Время. Беларусь”, “Настоящее Время. Сюжеты” және “Настоящее Время. Балтия” жобалары экстремистік сайттар деп жарияланды.

Алайда редакцияның айтуынша, олардың миссиясы — демократиялық құндылықтар мен институттарды, адам құқықтарын қолдау.

“Настоящее Время” басылымын “Америка дауысы” сайтының қатысуымен “Азат Еуропа/Азаттық” радиосы (RFE/RL) ашқан. Оны “Ғаламдық медиа” агенттігі арқылы АҚШ конгресі қаржыландырады. Телеарна Ресейде, Украинада, Орталық Азия, Шығыс Еуропа елдеріне және басқа аймақтарда тәулік бойы көрсетіледі және орыс тілінде ақпарат таратады.

Factcheck.kz