ЛГБТК+ құқық: Қазақстан мен әлемдегі жағдай

Жақында АҚШ президенті Джо Байден хомосексуал және нәсіларалық некеге тұру құқығын қорғау үшін «Некеге құрмет туралы» заңға қол қойды. Әлемде ЛГБТК+ өкілдерін қорғайтын не хомосексуал некені заңдастырған елдер көп. Алайда Қазақстанда мұндай заң жоқ. Осының салдарынан елімізде адамның ориентациясына байланысты қысым жиі болады. Мысалы Human Rights Watch ұйымы 2015 жылғы есебінде елімізде ЛГБТК+ өкілдеріне дискриминация жасалатынын жазған.

Осы тұста Factcheck.kz редакциясы бұған дейін хомосексуал некені заңды түрде мойындаған елдер тізімін дайындады.

ЛГБТК+ құқық: Қазақстан мен әлемдегі жағдай
ЛГБТК+ құқық: Қазақстан мен әлемдегі жағдай
ЛГБТК+ құқық: Қазақстан мен әлемдегі жағдай

Бұған қоса, биыл Швейцарияда, Кубада, Чилида хомосексуал неке заңдастырылды.

Ескерту: Мұнда тек хомосексуал некені заңдастырған елдер көрсетілген. Бұдан бөлек, хомосексуал жұптардың азаматтық одағын тіркейтін арнайы форма бар, бірақ материалда бұл туралы статистика жоқ.

Контекст

  • ЛГБТК+ өкілдерінің құқықтарының бұзылуы — әлемдік деңгейде көтерілетін мәселелердің бірі. Сексуал ориентациясы мен гендерлік даралық негізінде алалау әртүрлі халықаралық, аймақтық және ұлттық заңнамаларда тыйым салынғанымен, осы заңдардың жүзеге асуына ЛГБТК+ өкілдері жайлы стереотиптер айтарлықтай кедергі келтіреді.
  • Сексуал ориентация термині әрбір адамның кез келген жыныстағы адамға терең эмоционалдық, сүйіспеншілік және жыныстық тартымдылық (соның ішінде жақын және жыныстық қатынасқа деген) қабілетін білдіреді.
  • Жақында MediaNet халықаралық журналистика орталығының сарапшылары Думан Терликбаев және Мөлдір Өтегенова «Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу» атты зерттеу жариялады.
  • Зерттеу авторлары мемлекеттік органдарды гендерлік саясатты нақты және ашық жүргізуге, сонымен қатар, гендерлік стереотиптерді бұзатын ақпаратты көбейтуге шақырды. Бұған қоса, құқықтық және жыныстық сауатты арттыру өте маңызды екенін ескертті.

Халықаралық ұйымдар еліміздегі ЛГБТК+ өкілдеріне қатысты заңнаманы өзгертуді бірнеше рет ұсынған. Арасында мынадай мәселе көтерілген:

  1. дискриминация қарсы заң қабылдау;
  2. хомосексуал некені заңдастыру;
  3. трансгендер өкілдерін мойындайтын процедураны жеңілдету.

Ең соңғы рет мұндай ұсыныс 2019 жылы жасалған. Алайда ешбірі орындалмады.

Ақпарат Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асыратын «Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі мен мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығы туралы қазақстандық аудиторияның хабардарлығын арттыру» жобасы аясында дайындалды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz