АҚШ президенті хомосексуал некені қорғайтын заңға қол қойды

АҚШ президенті Джо Байден хомосексуал және нәсіларалық некеге тұру құқығын қорғау үшін «Некеге құрмет туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Қол қою рәсімі 13 желтоқсанда Ақ үйдің оңтүстік көгалында вице-президент Камала Харристің, Сенат пен Өкілдер палатасындағы демократиялық көшбасшылардың, АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байденнің және ЛГБТК+ қозғалысы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Осы нүктеге апаратын жол ұзақ болды, бірақ теңдік пен әділдікке сенетіндер одан ешқашан бас тартқан жоқ. Көпшілігіңіз мен қол қояйын деп отырған заң үшін күресіп, қарым-қатынасыңызды, кәсібіңізді, өміріңізді тәуекелге тіктіңіз. Мен өзімнің және халықтың атынан алғыс айтамын.

Джо Байден, АҚШ президенті

Айта кетейік, 2022 жылғы қарашада АҚШ Сенаты «Некеге құрмет туралы» заңды мақұлдады. Барлық демократ-сенатор мен олардың республикашыл 12 әріптесі қолдап дауыс берді.

Factcheck.kz