I бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу

2021 жылы 8 наурызда Алматыда өткен «Әр әйел – жалғызым!» атты гендерлік теңдікке арналған маршта ЛБКТ әйелдер құқығы туралы айтылған соң қоғамда қызу талқы болды. Осы тұста қазақстандықтардың көп бөлігінің хомофобиялық көңіл-күйі де байқалды. Бұл әлеуметтік желідегі қоғамдық пікір лидерлерінің риторикасы мен желідегі топтарда жарияланған жазбалардан көрініс тауып жатты. Бірнеше тәуелсіз авторлардан құралған MediaNet ХЖО сарапшылар тобы медиада 2021 жылы жарияланған материалдар мен желідегі посттарды саралап, оларды талдап, зерттеу жүргізді.

Бүгін сіздердің назарларыңызға Мөлдір Өтегенова мен Думан Терликбаевтың “Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу” атты мтериалының I бөлімін ұсынамыз.

Кіріспе

ЛГБТК+ өкілдерінің құқықтарының бұзылуы — әлемдік деңгейде көтерілетін мәселелердің бірі. Сексуал ориентациясы мен гендерлік даралық негізінде алалау әртүрлі халықаралық, аймақтық және ұлттық заңнамаларда тыйым салынғанымен, осы заңдардың жүзеге асуына ЛГБТК+ өкілдері жайлы стереотиптер айтарлықтай кедергі келтіреді [1].

ЛГБТК+ тақырыбы туралы талқыламас бұрын, алдымен адамның гендері мен жынысына қатысты терминологияны түсінуіміз керек.

Өйткені әлеуметтік желі пайдаланушылар пікіріне анализ жасалған соң, ЛГБТК+ образы пайдаланушылар үшін тұтас бір үлкен түсінік екені анықталды. Қолданушылар ориентация мен гендерлік даралыққа мән бермейді, ажыратпайды. 

“Гендер” — ер мен әйелге байланысты әлеуметтік рөлі мен мүмкіндіктерін, әйелдер мен ерлер және қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Бұл атрибуттар, мүмкіндіктер мен қарым-қатынастар әлеуметтік құрылым болып есептеліп, әлеуметтену процестері арқылы үйретіледі. Олар контекст немесе уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Гендер белгілі бір контексте әйелден немесе еркектен не күтілетінін, не рұқсат етілетінін және қалай бағаланатынын анықтайды. 

Қазір қоғамда әйелдер мен ерлер арасында көптеген міндеттер, орындалатын әрекеттер, ресурстарға қол жеткізу және оларды бақылау, сондай-ақ шешім қабылдау мүмкіндіктері бойынша айырмашылықтар мен теңсіздіктер бар [2].

“Жыныс” (sex) болса адамның жынысын еркек не әйел деп белгілеу үшін қолданылатын физикалық не биологиялық айырмашылықтарды білдіретін термин. Бұл жіктеудің негізі — репродуктивті органдар мен олардың функциялары. Мысалы, ер адамда пенисі, аталық безі болса, әйелде қынап, жұмыртқа және жатырдың болуымен сипатталады [3]. Көп тілде гендер сөзі болмағандықтан, гендер мен жыныс түсінігін шатастырады. Бұл — қате. Одан бөлек, гендерлік даралық және сексуал ориентация ұғымы да бір-біріне ұқсамайды [4]. 

Сексуал ориентация термині әрбір адамның кез келген жыныстағы адамға терең эмоционалдық, сүйіспеншілік және жыныстық тартымдылық (соның ішінде жақын және жыныстық қатынасқа деген) қабілетін білдіреді.

Сексуал ориентация табиғи нәрсе және оны өзгерту мүмкін емес. Ешкім өз сексуал ориентациясын таңдап тумайды. Хетеросексуал, хомосексуал, бисексуал не асексуал болу таңдалмайды. Оның әлеуметтік құрылымға да байланысы жоқ [5].

Гендерлік даралық — әлеуметтік ұғым. Ол адамның туған кездегі жынысына сәйкес келуі не келмеуі мүмкін, ол — жыныстың ішкі және жеке тәжірибесін білдіреді; бұл медициналық, хирургиялық немесе басқа тәсілдермен дененің сыртқы түрін не қызметін өзгертуін, киінуін, сөйлеуін және жүріс-тұрысын қамтиды.


Гендерлік рөл мәдениетке, әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайға байланысты адам ойлап тапқан еркек пен әйелдің рөлдерінің, функцияларының, құқықтарының, міндеттерінің және мінез-құлқының жиынтығы. Егер адам күшті, батыл, парасатты және қатал болса, ол еркекке тән қасиеттер болып есептелген. Ал әйелдің образы әлсіз, қорқақ, эмоционалды және нәзік деп сипатталады.

Мониториң нәтижерелінің анализі

Әлеуметтік желідегі ЛГБТК+ қауымдастыққа қатысты қызу талқы қоғамда болған оқиғалардан соң өршіп отырады. Мұндай құбылыс 8 наурызда болған «Әр әйел – жалғызым!» атты гендерлік теңдікке арналған марштан кейін байқалды. Марш барысында ЛБКТ әйелдердің құқығына қатысты талаптар көтерілген соң бұл жағдайға әлеумет ЛГБТК+ контекстінде көңіл бөле бастады және (бұған дейін табу болған тақырып) мұндай тұлғалардың қоғамдағы рөліне қатысты пікірі ортаға жиі салынды. Мысалы, біз мониториң жасаған қазақтілді 10 парақша мен 10 қоғамдық пікір лидерінің парақшасында 8 наурызға дейін 16 жазба шыққан, ал 8 наурыздан кейін жазба саны 179-ға (1119%-ке) өскен (1-инфографикадан көре аласыз).

I бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу
1-инфографика 

Ал жазбалардың маршқа дейін және кейін бағытының өзгергенін 2-инфорграфикадан көре аласыз. Инфорграфикада жазбалардың көбі (барлығы – 170: 8 наурызға дейін 10, кейін 160) ЛГБТК+ қауымдарстыққа бағытталғанын байқауға болады.

I бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу
2-инфографика 

3-инфорграфика жазбалардың маршқа дейін және кейін қандай тонда жазылғанын көрсетеді. Мониториң жасалған парақшаларда көбіне материал тоны орташа негатив (барлығы – 159: 8 наурызға дейін 14, кейін 145), позитив тон жоқ. 

Әлеументтік парақшалар мен қоғамдық пікір лидерлерінің жазбаларын бөлек қарастырайық. 

I бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу
3-инфографика 

10 әлеуметтік желідегі парақшада 8 наурызға дейін ЛГБТК+ тақырыбы 4 рет көтерілсе, марштан соң 30 рет жазба жарияланған, өсім 750% (4-инфоргафика).

I бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу
4-инфографика

Оның ішінде ЛГБТК+ қауымдастыққа бағытталған материал саны 8 наурызға дейін 4 болса, 8 наурыздан кейін 27-ге (675%) өскен. Ал гей, лесби, бисексуал, трансгендер жайлы 8 наурызға дейін еш жазба болмаған, марштан соң бұл көрсеткіш аздап өзгерген: гей жайлы 1, лесби мен бисексуал жайлы жазба жоқ, трансгендер жайлы 2 жазба жариаланған (5-инфоргафика).

I бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу
5-инфографика

Айта кеткен жөн, жазбалардың ешбірінде позитив тон жоқ, нейтрал тонда тек бір парақшада 3 жазба ғана жазылған. Ал жұмсақ негатив тонда 4 (маршқа дейін 1, марштан соң 3), орташа негатив тонда 19 (маршқа дейін 2, кейін 17), қатаң негатив тонда 8 (маршқа дейін 1, кейін 7) жазба жарияланған (6-инфоргафика).

I бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу
6-инфографика

Қоғамдық пікірдің 10 лидері маршқа дейін тақырыпқа қатысты 12 жазба жазса, марш өткен соң тақырыпты түрлі тонда 148 рет көтерген, өсім 1233% (4-инфоргафика). Жазбалар ішінде көбіне ЛГБТК+ қауымдастықты жалпылап алған посттар көп: 139 ( маршқа дейін 6, марштан кейін 133). Ал жеке жазбаларға келсек (7-инфоргафика):

  • гей жайлы 7 жазба: маршқа дейін 3, марштан кейін 4; 
  • лесби жайлы 3 жазба: маршқа дейін 2 , марштан кейін 1;
  • бисексуал жайлы жазба жоқ;
  • трансгендер жайлы 11 жазба: маршқа дейін 1, марштан кейін 10.
I бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу
7-инфографика

Мұндай көрсеткіш ҚПЛ-дің ЛГБТК+ қауымдастығын бөліп қарамайтынын, сексуал ориентация жайлы тек жалпы әрі үстірт білетінін көрсетуі мүмкін.  Бұл жағдай ЛГБТК+ қауымдастықтың көрінуін қамтамасыз еткенімен, 160 жазбаның ішінде позитив не нейтрал жазба мүлде жоқ. Жазба тондары – жұмсақ негатив (3 жазба марштан кейін), орташа негатив (140 жазба: маршқа дейін 12, марштан кейін 128), қатаң негатив (марштан кейін 17) (8-инфоргафика).

I бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу
8-инфографика

Сонымен қатар, негатив қарым-қатынас тек гейлерге не лесбилерге бағытталмағанын, жалпы қауымдастыққа бағытталғанын да көрсетеді.

Парақшаларды пайдаланушылар ЛГБТК+ өкілдеріне қарсы көбіне өшпенділік тілін пайдаланады, оларды қарғау мен құдай атымен қорқыту жиі кезігеді. 8 наурызға дейінгі жарияланған жазбаларда ЛГБТК+ образы “жынысы түсініксіз” “құрбан” адам болса, әйелдер маршынан соң қауымдастық бейнесі “жаудың” образына енген. Марштан соң пайдаланушылар ашық протестін білдіріп, қауымдастық адамдарын “елден қууға” не “мемлекетті олардан тазартуға” шақырады. Тіпті осы жағдайдан соң Қазақстанның басқа аймақтарында ЛГБТК+ жиындарын өткізбеуге шақыратын жазбалар да кезігеді. Қоғамдық пікір лидерлерінің 8 наурызға дейінгі жазбалары негатив тонда болса да, көп жазылмағаны және “бірқалыпты” наразылық болғаны байқалады.

Дереккөздер:

  1. https://www.unaids.org/sites/default/files/media_asset/2015_terminology_guidelines_en.pdf
  2. https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/ajelderdin-44-i-uj-sharuasyna-kunine-6-sagattan-astam-uakyt-zhumsajdy/
  3. https://www.uc.edu/content/dam/uc/ce/images/OLLI/Page%20Content/THE%20REPRODUCTION%20SYSTEMS.pdf
  4. https://ijrcenter.org/thematic-research-guides/sexual-orientation-gender-identity/#Defining_Sexual_Orientation_Gender_Identity
  5. Edward Stein, “Sexual Orientations, Rights, and the Body: Immutability, Essentialism, and Nativism”, Vol. 78, No. 2, The Body and the State: How the State Controls and Protects the Body, Part I (SUMMER 2011), pp. 633-658 (26 pages), published by: The Johns Hopkins University Press

Бұл материал Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырған «ЛГБТК+ және гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты тақырыптарды қабылдау және жариялауға мониторинг» жобасы аясында дайындалды.

Factcheck.kz