Қазақстанда ЛГБТК+ сайты бұғатталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТК+ жасөспірімдерге арналған қазақстандық сайтты бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Министрлік Selftanu.kz сайты ел заңын бұзып жатқанын алға тартты.

Бұл бұзушылықтар балалардың денсаулығы мен дамуына зиян тигізуі мүмкін контентті жариялаумен байланысты. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан халқына ЛГБТ идеяларын тарататын интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін, олардың ақпараттық ортаның теріс әсеріне осалдығын, сонымен бірге қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тарихи, мәдени дәстүрлері мен құндылықтарын ескере отырып қабылданды. Бұл қадамның мақсаты-балалардың тиісті тәрбиесі мен үйлесімді дамуын қамтамасыз ету

Министрліктің мәлімдемесі

Алайда жоба авторлары мен сарапшылар министрікліктің мәлімдемесімен келіспейді. Human Rights Consulting Group өкілі Арсен Әубәкіровтің айтуынша, ЛГБТК+ жасөспірімдеріне арналған сайтты бұғаттау адам және бала құқығын бұзу болып саналады.

Сайттың негізін қалағандардың бірі Мүтәлі Москеу министрліктің шешіміне қарсы арыз түсіретіндерін айтты.

Factcheck.kz