Ресейде “Шекарасыз тілшілер” сайты бұғатталды

Ресейде «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымның сайты бұғатталды. Мұны ресейлік сегменттегі цензура фактілерін бақылайтын “Роскомсвобода” жобасы хабарлады.

Сайттың не себепті бұғатталғаны белгісіз. Бұл шара «мемлекеттік органның» сұрауы бойынша жүргізіліп жатқаны хабарланды. Бірақ органның атауы көрсетілмеген.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің мәліметі бойынша, әдетте мұндай бұғаттауды Ресейдің Бас прокуратурасы талап етеді.

Шекарасыз тілшілер – дүниежүзіндегі сөз еркіндігі мен журналистерді қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйым.

Factcheck.kz