Ресейде ажырасқан еркектерді Украинадағы соғысқа күштеп жібере ме?

Telegram-да “Ресейде ажырасқан еркектер 100 мың рубль айыппұл төлейді немесе оларды Украинадағы соғысқа жібереді” деген ақпарат тарады (1, 2). Factcheck.uz-дағы әріптестеріміз деректі тексеріп көрді.

100 мың рубль шамамен 4 миллион 800 мың теңгеге тең.

Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Виталий Милонов ажырасқандарды айыппұлмен, мәжбүрлі еңбекпен жазалау керек екенін немесе Украинадағы соғысқа жіберу керек екенін айтты. Депутаттың осылай ұсынғаны рас. Парламентарийдің айтуынша, Ресейдегі басты мәселе – ажырасатындардың көп екенінде. Депутаттың бұл бастамасы туралы бірнеше басылым хабарлап жазды.

Украинаның ішкі істер кеңесшісі Антон Геращенконың X әлеуметтік желісіне (бұрынғы Twitter) жариялаған видеосында Милоновтың ұсынысын әріптестері күліп қана қабылдағанын байқауға болады.

17 қаңтарда Ресейде отбасын қорғау, ата-ана мен бала мәселелері жөніндегі комитеттің отырысында некені тіркеген отбасыларға бірретік жәрдемақы төлеу туралы заң жобасы талқыланды. Жас-жұбайларға 10 000 рубль беру ұсынылды. Бірақ депутаттар бұл заңның мемлекетке шамадан тыс шығын әкелетінін баса айтып, құптамады. Бұл заң жобасына жауап ретінде Милонов ажырасқысы келетіндерді 100 мың рубль айыппұл төлеуге мәжбүрлеуді немесе Украинадағы соғысқа жіберуді ұсынды. Әріптестері оның ұсынысына жай ғана күлді.

Кейінірек Виталий Милонов ресейлік сайтқа мұны ЛДПР бастамасына жауап ретінде айтқанын жеткізді. Ол мұндай құқық құжатын талқылауға енгізу жоспарында жоқ екенін айтты.

Саясаткер қазір ажырасуға деген көзқарасты өзгертуге бағытталған заң жобасы дайындалып жатқанын және онда мәжбүрлеу немесе қаржылай жазалау шаралары болмайтынын атап өтті.

Factcheck.kz