Павел Дуров 12 қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді

Париж прокуратурасы Telegram негізін қалаған Павел Дуровтың “12 қылмысқа қатысы бар” деген күдікке ілінгенін хабарлады. Бұл туралы “Азаттық радиосы” ведомствоның баспасөз хабарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Дуров қамауға алынған сот тергеуі төменде жазылған айыптар бойынша «аты-жөні аталмаған адамға» қарсы қозғалды:

  • заңсыз транзакциялар жасау үшін онлайн платформаны басқаруға қатысу;
  • құқық қорғау органдарының талабы бойынша ақпаратты беруден бас тарту;
  • кәмелетке толмағандар бейнеленген порнография контентін сақтау және тарату ісіне қатысу;
  • есірткі таратуға және сақтау ісіне қатысу;
  • киберқылмысқа қатысы болуы;
  • ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамындағы алаяқтық ісіне қатысу;
  • ауыр қылмыс жасау үшін қылмыстық сөз байласу;
  • ақша жымқыру;
  • лицензиясыз криптология қызметін көрсету;
  • декларациясыз криптологиялық жабдықты жеткізу;
  • криптологиялық жабдықтың импорты.

Айта кетері, Telegram компаниясының негізін қалаған Павел Дуров 24 тамыз кешке жеке ұшағы арқылы Францияның Ле Бурже әуежайына барғанда ұсталды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz