Павел Дуров Францияда ұсталғаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесін айтты

Telegram-ның негізін қалаған Павел Дуров Париж әуежайында ұсталып, артынан бақылауға алынды. Кейін оған Франция аумағынан шығуға тыйым салынды. Жақында кәсіпкер ұсталғаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесін өз парақшасында жариялады. Дуровтың айтуынша, полицейлер одан 4 күн жауап алған.

“Басқа адамдар Telegram-ды заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылуым мүмкін екенін білдім, себебі француз билігі Telegram-нан жауап ала алмаған”, – деп жазды миллиардер және бұл ол үшін күтпеген жағдай екенін айтты.

“Telegram-да Еуроодақтың сауалдарын қабылдап, оған жауап беріп отыратын Еуроодақтың ресми өкілі бар. Telegram-ның электрон поштасының адресін Еурродақтың кез келген тұрғыны Google-ға “құқыққорғау органдарына арналған ЕО Telegram-ы” деп теріп, таба алады. Француз билігінің де менімен байланысып, көмек сұрайтын сантүрлі әдісі болды. Дубайдағы француз елшілігіне жиі баратын қонағы – Францияның азаматы едім. Бірнеше уақыт бұрын менен Франциядағы терроризммен күресу үшін көмек сұрағанда Telegram-да байланыс желілерін орнатуға көмектескенмін”, – деді кәсіпкер.

Сонымен қатар ол биліктің белгісіз тұлғалардың жасаған қылмыстары үшін платформа басшылығы үстінен іс қозғауы дұрыс емес шешім екенін айтты.

«Елдегі интернет қызметіне көңілі толмаса, тәжірибе бойынша сервистің үстінен іс қозғалады. Смартфондар пайда болғанға дейін шыққан заңды қолданып, белгісіз адамдардың жасаған қылмысы үшін платформа басшысын кінәлау қате. Технологияны жасау өте қиын. Ешбір инноватор ойлап тапқан құрылғысын басқа адам қылмыстық мақсатта қолданып, кейін оған өзі жауапты болатынын білсе, құралды ойлап таппайды”, – деді Дуров.

Дуров құпиялылық пен қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтау оңай емес екенін мойындады, бірақ технология шектеулерін ескеруге шақырды.

“Кейде біз құпиялылық пен қауіпсіздік арасындағы дұрыс тепе-теңдікті сақтауға қатысты мәселеде елдің реттеуші органдарымен келісе алмаймыз. Мұндай жағдайда біз ол елден кетуге дайынбыз. Мұндай жағдай басымыздан талай өткен. Ресей аңду үшін «шифрлау кілттерін» беруді талап еткенде, біз бас тарттық. Осы жағдайдан соң Ресейде Telegram желісіне тыйым салынды. Иран бізден бейбіт наразылық білдіргендердің арналарын жабуды талап еткенде, біз бас тарттық – Иранда Telegram-ға тыйым салынды. Біз өз ұстанымдарымызға сәйкес келмейтін нарықтардан кетуге дайынбыз, өйткені біз ісімізді ақша үшін ғана жасап жатқан жоқпыз. Біз адамдардың негізгі құқығын, әсіресе жиі бұзылатын жерлерде қорғағымыз келеді”, – деді Павел Дуров платформаның мінсіз емес екенін мойындап.

«Бірақ кейбір бұқаралық ақпарат құралының Telegram анархиялық жұмақ түрі деген мәлімдемесі мүлдем шындыққа жанаспайды», – деп жазды ол.

Айта кетері, жақында Оңтүстік Корея Telegram-нан дипфейк порнография контентті өшіруін талап еткен. Платформа биліктің өтінішін орындаған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz