IV бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу

Мөлдір Өтегенова мен Думан Терликбаевтың «Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу» атты зерттеу-материалының бөлімдер сериясын жалғастырамыз. Бүгін ұсынатын IV бөлімде қоғамның ЛГБТК+ қауымдастыққа көзқарасына діннің әсері талданған.

Бұл зерттеу тәуелсіз авторлардан құралған MediaNet ХЖО сарапшылар тобы медиада 2021 жылы жарияланған материалдар мен желідегі посттарды саралап, оларды талдау аясында жүргізілді.

Зерттеудің I бөлімі, II бөлімі мен III бөлімін сайтымыздан оқи аласыз.

Хомосексуалдыққа әдетте консерватив қоғамда теріс қарайды. Құран Кәрімде де, еврейлер мен христиандардың қасиетті кітаптарында да бұл бар, бірақ оның тәпсірленуі әртүрлі. Сонымен қатар, діни дәстүр мен діндарлық ЛГБТК+ өкілдеріне деген көзқарасқа, олардың құқықтарына және діни бірлестіктердегі жағдайына әсер етеді, өйткені дін мәселесі мәдени үстемдіктің негізінде жатады. Сондықтан ЛГБТК+ қауымдастығына қатысты көзқарастағы діннің ерекше рөлін түсіну маңызды болып қала бермек [21]. 

Қазақстан Совет өкіметінің құрамында болып, идеологияға байланысты атеизм бағытын ұстанғанына қарамастан, діни қауымдастықтың саны елде басым. 2018 жылы Қазақстанда өткізілген «Ұрпақтар және гендер» зерттеуінің нәтижесіне сай, 18-79 жас аралығындағы респонденттердің 63%-і өзін мұсылман, 27%-і – христиан, 6%-і – басқа діндерді ұстанушы десе, 4%-і өзін агностикке, атеиске жатқызады не жауап беруден бас тартқан [22].

Мәселені зерттеу барысында діни ракурстан қараудың маңызды екенін ҚПЛ мен парақшалардағы жазба риторикалары да дәлелдейді. ҚПЛ дінге сілтеме жасап, «табиғатқа қарсы сексуал оринтацияның» күнә екенін еске салады. Мысалы:

«Лұт пайғамбар қауымы»; «Айналайын осы жерде отырған түрлі-түстілер, дұрыс түсініңіздер, біз сіздерден қорыққан жоқпыз, қорықпаймыз да, сіздер атап отырған гомофобтар, тек бір Алладан ғана қорқады, қоя қойыңдар енді«; «Алла шипасын берсін, мүмкін емделіп, тура жолға түсірер Алла«; «Жатырым-өзімдікі деген жер бетіндегі ең ауыр күнә, Лұт қауымының зияны қияметке дейін болады».

Бірақ дін — адамның көптеген мәселелерге, соның ішінде хомосексуалдыққа деген көзқарасына әсер ететін бір ғана айнымалы. Бір дінді ұстанса да, түрлі елде тұратын адамдардың әртүрлі мәселелерге қатысты көзқарасы, қабылдауы басқаша. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында тұратын мұсылмандардың хомосексуалдық туралы ойы Таяу Шығыс елдеріндегі мұсылмандардан басқа, ал Қазақстанда тұратын мұсылмандардан пікірі мүлде өзгеше [23]. Ал Иранда хомосексуал ориентациясы үшін жаза ретінде адамды өлтіруі де мүмкін [24].

Robert W. McGee-дің 16 елді эмпирикалық зерттеуінде хомосексуалдыққа Ресейдің православ христиандары Қазақстанның православ христиандарына қарағанда төзімдірек не толерантты екені жазылған. Оның кестесіндегі ең толерантты правлослав христиандар Германия мен Үндістанда. 

Ал ең толерантты мұсылмандар Ресей, Филиппин, Германияда болса, Қазақстан төзімсіз елдер қатарында (Пәкістан, Нигерия, Ганадан кейін төртінші орында). Оның «өзін дінге қатысы жоқ» деп есептейтін адамдардың толераттығы туралы кестесінде де Қазақстан төзімсіз елдердің алғашқы үштігіне енген.

Қазақстанда  хомосексуалдыққа ең төзімсіз көзқарасты ұстанатындар — мұсылмандар. Екінші орында православ христиандар, үшінші орында діни көзқарасты ұстанбайтындар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ЛГБТК+ қауымдастығына қатысты еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы — харам деген үкім шығарған. Оған қоса, ЛГБТК+ өкілі болудың «ақыреттегі жазасы өте ауыр» деген [25].

Исламда ЛГБТК+ қауымының тақырыбынан бөлек «жыныстық» (sexuality), «жыныстық қарым-қатынас» тақырыптары табу, яғни мұндай тақырыптарды көтермеген жөн. Хетерокесуал қатынастан басқалары қылмыс болып есептеліп, кейбір ислам дінін ұстанатын елдерде хомосексуал байланыстар үшін өлім жазасы қолданылуы мүмкін [26]. 

Бұл жергілікті хомофобиялық көзқарас көп факторға, соның ішінде дін, экономика мен саяси жағдайға және тағы басқаларына қатысты болуы ықтимал. 

Дереккөздер:

  1. https://papers.ssrn.com/sol3/papers.cfm?abstract_id=2799871
  2. ҰРПАҚТАР ЖӘНЕ ГЕНДЕР — UNFPA Kazakhstan |https://stat.gov.kz › api › getFile
  3. https://deliverypdf.ssrn.com/delivery.php?ID=879069123085015121091072086125000089002048019033051075102064105004003064105027102096019100018115060113111023101014077115101008121090086001023003102087011106070052050065121096078096006119108082115120090073070100090072011104083105100077003093090&EXT=pdf&INDEX=TRUE
  4. https://youtu.be/SQTD8W4dlHk
  5. https://www.muftyat.kz/kk/articles/islam-and-society/2022-02-22/38758-lgbt-ukimi/
  6. https://heinonline.org/HOL/LandingPage?handle=hein.journals/sjjlc26&div=27&id=&page=

Бұл материал Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырған «ЛГБТК+ және гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты тақырыптарды қабылдау және жариялауға мониторинг» жобасы аясында дайындалды.