IІІ бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу

Мөлдір Өтегенова мен Думан Терликбаевтың «Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу» атты зерттеу-материалының бөлімдер сериясын жалғастырамыз. Бүгін ұсынатын ІІІ бөлімде қоғамның ЛГБТК+ қауымдастыққа көзқарасына постколониал тарихтың әсері талданған.

Бұл зерттеу тәуелсіз авторлардан құралған MediaNet ХЖО сарапшылар тобы медиада 2021 жылы жарияланған материалдар мен желідегі посттарды саралап, оларды талдау аясында жүргізілді.

Зерттеудің I бөлімі мен II бөлімін сайтымыздан оқи аласыз.

Постколониализм интеллектуалды зерттеулердің жалпы саласы ретінде империализмнің салдарынан туған мәселелермен айналысады [10].

Бұл тұрғыда постколониализммен айналысу дегеніміз қазіргі саяси ойдың негізін құрайтын сұрақтар жиынтығымен айналысуды білдіреді. Сонымен қатар, постколониализм нақты сұрақтар жиынтығымен тығыз байланысты және олар өте ықпалды болуы мүмкін. Ең жарқын мысалдарының бірі  – империализм салдары мен даралық (identity) арасындағы байланыс

Қазір көптеген тарихшы батыс емес елдердегі хомофобиялық көңіл күйдің негізгі себебі — Батыс елдерінің колониялдығының, жергілікті дәстүрге сіңіспейтін иудей-христиан-ислам діндерінің ЛГБТК+ қауымдастыққа бейтолеранттығы мен жалпы сексуал өмірдің табу тақырып болғанының салдары дегенмен келіседі [11].

Хомосексуал қарым-қатынас барлық дерлік мәдениетте болғанын және бүгінгі күнге дейін барын дәлелдейтін нақты деректер бар [12].

Мұндай қарым-қатынас басқа да ежелгі қоғамдарда болғаны құжатталып сақталған. Қоғам рұқсат еткен хомосексуалдар ежелгі Месопотамияда (мысалы, хеттік, ассириялық, вавилондық), қытай, майя, инк, ацтек, египет, этрус, үнді, грек және рим мәдениеттерінде болған [13].

Алайда, ежелгі мәдениеттер гендерлік рөлдерге қауіп төндірмеген кезде ғана хомосексуал қарым-қатынасты мойындаған.

Демек, қоғам хомосексуалдыққа қандай да бір негатив сезінсе, бұл әдетте, мұндай әрекет жыныстық қарым-қатынас шекарасын емес, гендерлік шекараны бұзғандықтан деп қабылданады [14].

Колониялық саясат аяқталғаннан кейін ЛГБТК+-ке деген көзқарас бірте-бірте бөлініп, христиандық Еуропа салыстырмалы түрде төзімді бола бастады, өйткені олар, өзін кінәлі сезінгені болмаса, институцияланған құлдықтың немесе отаршылдықтың зардабын айтарлықтай сезбеген. Ал құлдықтың, нәсілшілдіктің және отарлықтың объектісі еуропалық  христиандық отаршылдардың және ислам жаулаушыларының ерекше хомофобиялық теологиясын қалдырды [15].

Тарихи тұрғыдан қарағанда, хомосексуалдыққа қарсы бағытталған ағылшын заңдары бұрынғы Британ колонияларында негізінен хомосексуал еркектер үшін (хомосексуал әйелерге азырақ) құқыққа қатысты қорқынышты салдарға алып келді және бұл жағдай бүгінге дейін жалғасып келеді.

Жалпы, христиандыққа негізделген хомофобия дін келгенге дейін хомосексуал байланыстарға төзіммен қараған көптеген мәдениетке айтарлықтай зиянын тигізген [16].

Хомосексуал қарым-қатынастар Ресей патшалығының қылмыстық заңы бойынша қылмыс болып саналды. Социалистік әділеттік үшін патша заңдарының жиынтығын алып тастай отырып, жаңадан орнаған совет режимі алғашында хомосексуал байланыстарға қылмыстық жаза енгізген жоқ. Тек 1934 жылы, Сталин билікті нығайтқаннан соң, советтік Қылмыстық кодекске хомосексуалдықпен күрес туралы бап қосылды.

Алайда 1920 жылдары кеңестік сексологтар халықаралық жыныстық реформа қозғалысына қатысқан, ал криминологтар жеке жыныстық даралықты цензуралауға қылмыстық санкцияларды қолдануды айыптады [17].

Совет режиміндегі хомосексуалдықты қудалау, криминализациялау, медикализациялау мен күштік құрылымдар тарапынан жасалған қысым одақ құлағаннан кейін қалыптасқан мемлекеттерде де белгілі бір деңгейде жалғасты.

Советтік полиция гей еркектерді қорқыту үшін заңсыз іс-әркеттерге барған, ал қысымға төзбеген кейбір гейлер “емделу” үшін медицинаға өздері жүгінген. Сталиннің хомосекуалдық туралы ауыз ашпау саясаты ақпараттық вакуум тууына әсерін тигізіп, бұл кейінгі советтік хомосексуалдар мен хетереосексуалдарға да ықпал етті [18].

Совет заңдары салдарынан хомофобия қазақстандық қоғамға тереңдеп сіңіп кеткен және Қазақстан 1998 жылы екі тараптың келісімімен болатын хомосексуал қарым-қатынасты декриминализацияласа да, қоғамда сексуал ориентацияға қатысты кемсіту мен қудалау жиі кездеседі [19].

Совет одағы құласа да, оның ізбасары саналатын ресейлік анти-ЛГБТК+ саясаты кейбір пост-советтік елдерге, оның ішінде Қазақстанға да әсер етіп отыр.

Ресейдің ЛГБТК+ құқығын қорғауды “Батыстың құндылығы” деу дискурсы – Ресейге саяси және экономикалық тәуелді елдерге де ықпалын тигізеді [20].

Постколониял процесстерді бастан кешіріп, өзінің кімдігін іздеп жатқан қазақстандық топтар ресейлік империализмге қарсы болса да, Ресейдің  хомосексуалдыққа қарсы риторикасын қолдауы әсіресе қызық көрінеді және тағы тереңірек зерттеуді қажет етеді. 

Дереккөздер:

  1. https://www.oxfordbibliographies.com/view/document/obo-9780190221911/obo-9780190221911-0069.xml
  2. GAY TIMES (U.K.), May 1995, at 46; Adat Nusantara – Gemblakan de Ponorogo, GAYA NUSANTARA, June 1993, at 23-26; Jomar Fleras, Reclaiming Our Historical Rights: Gays and Lesbians in the Philippines, in THE THIRD PINK BOOK 66 (Aart Hendriks et al. eds., 1993)
  3. CLELLAN S. FORD & FRANK A. BEACH, PATTERNS OF SEXUAL BEHAVIOR 143 (1951)
  4. DAVID F. GREENBERG, THE CONSTRUCTION OF HOMOSEXUALITY 124, 127-35, 141-51, 152-71 (1988)
  5. THIRD SEX, THIRD GENDER: BEYOND SEXUAL DIMORPHISM IN CULTURE AND HISTORY (Gilbert Herdt ed., 1994)
  6. James D. Wilets, From Divergence to Convergence? A Comparative and International Law Analysis of LGBTI Rights in the Context of Race and Post-Colonialism, 634
  7. Rob Tielman & Hans Hammelburg, World Survey on the Social and Legal Position of Gays and Lesbians, in THE THIRD PINK BOOK 249, 251 (Aart Hendriks et al. eds., 1993)
  8. https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/8666753/
  9. https://journals.openedition.org/monderusse/12433
  10. https://www.hrw.org/report/2015/07/23/thats-when-i-realized-i-was-nobody/climate-fear-lgbt-people-kazakhstan
  11. https://www.amnesty.org/en/latest/news/2017/12/former-soviet-states-entrenching-homophobia-and-demoralizing-lgbti-rights-activists/

Бұл материал Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырған «ЛГБТК+ және гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты тақырыптарды қабылдау және жариялауға мониторинг» жобасы аясында дайындалды.

Factcheck.kz