Қытай билігі өз аумағындағы AppStore-дан WhatsApp, Threads, Telegram желісін өшіріп тастады

Apple Қытайдағы AppStore қосымшалар дүкенінен WhatsApp мессенджері мен Threads әлеуметтік желісін, Telegram мен Signal мессенджерлерін өшіріп тастады. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

Корпорация ақпаратты растады. Оны өшіруді Қытай билігі талап еткен. Басылымның мәліметі бойынша, Пекин бұл қосымшалар “ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді” деп санайды.

Reuters ақпараты бойынша, Қытай үкіметі шетелдің кей платформасына негатив көзқараста. Десе де Meta-ның Facebook пен Instagram қосымшалары әзірге Қытайдағы AppStore-дан өшпеген.

Ал WhatsApp пен Telegram-ды не себепті өшіргені әзірге белгісіз.

Factcheck.kz