Апталық шолу: Назарбаев туралы журнал, мобилді аударым жайлы мифтер және басқалары

Осы аптада Factcheck.kz Қазақстан және әлем медиасында тараған ақпаратты тексерді. Әдеттегідей жарияланған материалдарды бірге шолып шығайық.

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Мемлекеттік сатып алу порталын қарап отырып, біз Тұңғыш Президент Кітапханасының «NN Journal» деген журналды шығаруға және таратуға арналған қызықты лотын тауып алдық. Біз бұл тендерді жан-жақты зерттеп шықтық. Сөйтіп аталмыш басылымның толығымен Нұрсұлтан Назарбаевқа және оның Қазақстан Республикасының Президенті лауазымындағы жетістіктеріне арналғанын анықтадық. Сөйтіп сіздерге Тұңғыш Президент Кітапханасы Елбасы туралы журнал шығаруға қанша қаражат жұмсайтынын айтуды жөн санадық.

Журналдың тұрақты түрде шығатынын ескерсек, біз мемлекеттік сатып алу порталынан оны басып шығаруға байланысты тендерлерді де тексеріп шықтық. 2021 жылғы ақпанда Тұңғыш Президент Кітапханасы «NN Journal» журналын шығару бойынша қызметтерді сатып алуға хабарландыру жариялады. Ведомство бұған 17 857 142 теңге бөлуді жоспарлаған. Материалды толығырақ мына сілтемені басып оқуға болады.

Сақал рак ауруынан қорғай ма?

Stan.kz сайтында «Сақалдың рак ауруынан қорғайтыны анықталды» деген ақпарат жарияланды. Ақпаратқа сенсек, сақал өсірудің өзіндік «пайдасы» бар. Ақпарат қайдан шықты, шындыққа жанаса ма, Factcheck.kz тексеріп көрді.

Сақалдың рак ауруынан қорғайтыны анықталды.

Stan.kz

Үкім: Жалған және Манипуляция

Жалғаны мынада: Stan.kz Sanderland университетінде дәріс беретін дәрігер Каран Рангарджан есімді азаматтың TikTok-ғы парақшасына сүйене отырып мәлімдеме жасаған. ТikTok-тан байқағанымыздай, Рангарджан видеода әлдебірбір зерттеуге сілтейді. Сол зерттеуді тауып, оқып қарасақ рак ауруы туралы мүлде айтылмағанын байқаймыз.

Манипуляциясы мынада: Рак туралы дәрігер Каран Рангарджан «сақал өсіру тері рагын (жүн бар аймақтарда) азайтуы мүмкін» деген болжам жасаған, алайда мәлімдемесі нақты бір зерттеулермен дәлелденбеген, ал көрсеткен зерттеуінде рак ауруы туралы айтылмайды. Толығырақ мына сілтемеде.

Жеке тұлға мобилді аударым үшін салық төлеу керек пе?

Cоңғы аптада қазақстандық интернет кеңістікте «мобилді төлемдерге немесе кез келген банк арқылы аударым (перевод) жасаған жағдайда салық салынады, яғни жаңа бір салық түрі пайда болады» деген сарында алып-қашпа әңгіме тарап жүр. Factcheck.kz редакциясы осыған байланысты халық арасында жүрген мифтерді тауып, ара-жігін анықтап көрді.

Жеке тұлғаның кез-келген мобилді аударымдарына салық салынады.

Халық арасында тараған мифтер

Үкім: Жалған

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғаларлың арасындағы ақша аударымдарға салық салынбайды. Осы уақытқа дейін қалай болса солай жалғаса береді. Халық арасында жүрген «кез келген банк арқылы жасалған ақша аударымдарға салық салынады» деген қаңқу сөз шындыққа жанаспайды. Өзге де мифтер туралы толығырақ мына сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Басқа жарияланған материалдар

  • Protenge жобасының авторы АҚШ-тың жемқорлықпен күрес сыйлығына ие болды
  • Telegram жаңа функциясын іске қосты
  • Pfizer-дің вакцинаға қосқан жаңа ингредиенті жанама әсермен күреспейді — Reuters
  • Жалған | The Lancet вакцинацияға мәжбүрлеудің қылмыстық саясатын талқандады
  • Қазақстандағы коронавирус пен СПИД жұқтырғандарды емдеу
  • Трамп компаниясы жаңа әлеуметтік желіге миллиард доллар салғанын хабарлады

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz