Сақал рак ауруынан қорғай ма?

Stan.kz сайтында “Сақалдың рак ауруынан қорғайтыны анықталды” деген ақпарат жарияланды. Ақпаратқа сенсек, сақал өсірудің өзіндік “пайдасы” бар. Ақпарат қайдан шықты, шындыққа жанаса ма, Factcheck.kz тексеріп көрді.

Сақалдың рак ауруынан қорғайтыны анықталды.

Stan.kz

Үкім: Жалған және Манипуляция

Жалғаны мынада: Stan.kz Sanderland университетінде дәріс беретін дәрігер Каран Рангарджан есімді азаматтың TikTok-ғы парақшасына сүйене отырып мәлімдеме жасаған. ТikTok-тан байқағанымыздай, Рангарджан видеода әлдебірбір зерттеуге сілтейді. Сол зерттеуді тауып, оқып қарасақ рак ауруы туралы мүлде айтылмағанын байқаймыз.

Сақал рак ауруынан қорғай ма?

Бұл зертеуді сонау 2014 жылы АҚШ-ғы Янг Бригам университетінің клиникалық және трансляциялық метагеномика орталығы (Center for Clinical and Translational Metagenomics) және Әйелдер ауруханасы (Womens hospital) бірігіп жасады. Нәтижесіне сүйенсек, сақалы бар және сақал өспейтін адамдарда (қырынған адамдарға қарағанда) қауіпті бактериялар аз болады.

Манипуляциясы мынада: Рак туралы дәрігер Каран Рангарджан “сақал өсіру тері рагын (жүн бар аймақтарда) азайтуы мүмкін” деген болжам жасаған, алайда мәлімдемесі нақты бір зерттеулермен дәлелденбеген, ал көрсеткен зерттеуінде рак ауруы туралы айтылмайды.

Каран Рангарджан дәрігер-хирург, Sanderland университетінде сабақ береді. Одан бөлек білімімен үнемі TikTok парақшасында бөлісіп отырады әрі сол арқылы қарапайым адамдарды медицинамен таныстырып, халық арасындағы танымал мифтерді сейілтумен айналысады.

Зерттеу не туралы?

Зерттеуге 408 аурухана қызметкері қатысқан. Зерттеушілер әрбір қатысушының бет терісін мұқият бақылау арқылы “сақал бактерия тасиды” деген гипотезаны анықтап көрді. Сол арқылы “жаңа қырынған адамдар (қырынбаған не сақал өспеген адамдарға қарағанда) бактерияның кейібір түрлерін көп тасиды” деген күтпеген нәтижеге көз жеткізді. Зерттеудің нәтижесіне сәйкес, қырыну кішігірім жаралар арқылы “сол аймақтағы бактериялардың көбеюіне” септігін тигізеді. Бұл туралы bbc.com сайты да жазды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz