Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Мемлекеттік сатып алу порталын қарап отырып, біз Тұңғыш Президент Кітапханасының «NN Journal» деген журналды шығаруға және таратуға арналған қызықты лотын тауып алдық. Біз бұл тендерді жан-жақты зерттеп шықтық. Сөйтіп аталмыш басылымның толығымен Нұрсұлтан Назарбаевқа және оның Қазақстан Республикасының Президенті лауазымындағы жетістіктеріне арналғанын анықтадық. Сөйтіп сіздерге Тұңғыш Президент Кітапханасы Елбасы туралы журнал шығаруға қанша қаражат жұмсайтынын айтуды жөн санадық.

Бұл өзі қандай журнал және қашаннан бері шығады?

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасы жыл сайын көптеген басылымдар шығарады екен. Олар, негізінен, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігін құрудағы жетекші рөліне арналған.

Олардың қатарында «Елбасы замандастарының естеліктері», «Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық бастамалары: тарихы, жағдайы және болашағы», «Президент институты – Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің негізі» және т.б. бар. Толық тізіммен мына жерден танысуға болады.

Дегенмен «NN Journal» (New Nation Journal) журналының орны бөлек. Ресми сайттағы сипаттамаға сәйкес, «NN Journal» – Кітапхананың Елбасы бастамаларын ғылыми-тарихи тұрғыдан ұғынуға, оған зияткерлік қолдау көрсетуге және тиімді қоғамдық ілгерілетуге кеңінен насихаттауға бағытталған басылым. Журналдың миссиясы – «Назарбаевтың стратегиялық бағытын қалың жұртшылыққа түсіндіру, сондай-ақ ел басшылығы кезеңіндегі жұмысына талдау жасау».

Журнал әр тоқсан сайын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Сондай-ақ Қазақстаннан бөлек, жақын және алыс шетелдерде де таратылады. Әр нөмірдің мұқабасында Назарбаев бейнеленген.

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Елбасының көптеген фотосуреттері журналдың ішінде жарияланып, міндетті түрде «айқайлаған» тақырыптармен беріледі.

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Ресми түрде «NN Journal» 2019 жылдан бастап шығады (дәл осы жылы Нұрсұлтан Назарбаев Президент өкілеттігін тоқтатты), бірақ іс жүзінде ол шамамен 14 жылдан бері басылып келеді. 2007 жылы Тұңғыш Президент Кітапханасы «Мирас» («Мұра») журналын шығара бастады, онда да Елбасының Тәуелсіздік жылдарындағы Президент қызметіндегі жетістіктері туралы жазылатын.

2018 жылы журнал аты «Miras NN Journal» деп өзгергенімен, бір жылдан кейін қазіргі атауына ауысты.

Журналдың редакторлары Назарбаевқа жақын адамдар. Олардың қатарында тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков, Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай және басқа да бірқатар сарапшылар мен Кітапхана қызметкерлері бар.

Материалдарды жазуға тек редакция алқасының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар отандық министрлер, депутаттар, саясаттанушылар және басқа да қоғам қайраткерлері қатысады. Мысалы 2021 жылғы нөмірде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жазған мақала бар.

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Ал ашық дереккөздерден Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Майра Айсинаның немесе Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалевтің материалдарын табуға болады.

Назарбаев туралы журналға 2021 жылы қанша ақша кетті?

Журналдың тұрақты түрде шығатынын ескерсек, біз мемлекеттік сатып алу порталынан оны басып шығаруға байланысты тендерлерді де тексеріп шықтық. 2021 жылғы ақпанда Тұңғыш Президент Кітапханасы «NN Journal» журналын шығару бойынша қызметтерді сатып алуға хабарландыру жариялады. Ведомство бұған 17 857 142 теңге бөлуді жоспарлаған.

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, басылымның таралымы – 1000 дана, шығару мерзімі – тоқсанына 1 рет, яғни журнал жылына 4 рет шығады. Беттер саны 100-ден 120-ға дейін болуы керек.

Журналды жасап беруші оны таратумен де айналысуы қажет. Тендер сипаттамасының қосымшасына сәйкес, журнал еліміздің барлық мемлекеттік органдарына, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік мекемелерге, ұлттық компанияларға, мемлекеттік жоғары оқу орындарына, кітапханаларға және Қазақстанның шетелдегі халықаралық елшіліктеріне таратылуы тиіс. Тізімде барлығы 200-ге жуық мекеме көрсетілген, журнал 15 күнтізбелік күнде жеткізілуі керек.

Сонымен қатар журнал жасаушы оның көлемін, форматын, фотосуреттер санын және басқа да техникалық сипаттамаларын өзгерте алады, бірақ тендер сомасы өзгермейді.

Тендерді биыл «Даму-Астана» мүгедектер ұйымы» ЖШС жеңіп алған. Ол өз қызметі үшін бастапқы соманың орнына 11 990 000 теңге ұсынған. Қазір компанияға 2 997 500 теңге төленген, алайда шартқа әлі қол қойылған жоқ. Себебі журнал жасаушыда тендер авторларына бірнеше сұрақ пайда болған.

Мысалы техникалық сипаттамада журналдағы мақала мен фотосуреттердің нақты саны айтылмаған. Негізі журналда 5-15 мақала мен 30-80 фотосурет болуы керек екен (оның өзінде барлығы дерлік Елбасының суреттері).

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Сонымен қатар журнал жасаушылардың айтуынша, соңғы жылы оны шығару құны айтарлықтай төмендеп, ал мазмұны, керісінше, көбейген. Мәселен бұрын оған 53 миллион теңге ұсынылатын. Ал авторлардың уәжі бойынша, соманың 2,5 есе азаюы журналды шығаруға бөлінген қаржының қысқаруына байланысты.

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Өткен жылдары қанша ақша бөлінді?

Тұңғыш Президент кітапханасы өткен жылдары да Елбасы туралы журнал шығаруға тендерлер өткізетін. Мысалы 2020 жылы оған 53 183 928 теңге бөлу жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Техникалық сипаттама тура жоғарыдағыдай. Ол кезде де журнал жылына 4 рет 1000 данамен шығарылып, 200-ден астам адресатқа (министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік мекемелерге) жіберілуі тиіс еді. Жалғыз айырмашылық 2020 жылы журналдың көлемі 120 емес, 80-100 бет болуы керек еді.

Өткен жылы тендердің алғашқы жеңімпазы «Көкше-Полиграфия» АҚ болды. Алайда олармен келісім-шарт жасалмады. Сондықтан орындаушы ретінде екінші үміткер «Ел-шежіре» ҚҚ таңдалды. Олар өз қызметі үшін 40 000 000 теңге ұсынды. Сол кезде барлығы 5 өтінім келіп түскен еді. Тапсырыс бюджет қаражатынан төленді.

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Келісім-шарт жасасу барысында бұл журнал жасаушыларда да тапсырыс берушіге әртүрлі сұрақ туындады. Себебі техникалық ерекшелікте журналды құрастыру үшін авторларға қаламақы көрсетілмеген. Кітапхана қызметкерлері жауап ретінде төлемдерді журнал жасаушылардың өзі анықтауы керек деп мәлімдеген. Бұдан бөлек журналды құрастыруға әдетте 10-15 автор тартылатыны белгілі болды.

Ал 2019 жылы журналды жасауға біраз сома, яғни 53 184 171 теңге жұмсағысы келген. Сол кезде жеңімпаз болып 38 000 000 теңге ұсынған «Астана қаласының жас мүгедектері» ҚБ таңдалды.

Мемлекеттік сатып алу хабаршысы | 53 миллион теңгелік Назарбаев туралы журнал

Жоғарыда аталған барлық тендерлер ашық конкурста өткенін айту маңызды. Журнал жасаушылар сол үшін де өзгеріп отырды, себебі әрбіреуі әртүрлі баға ұсынып отырды. Айтпақшы мемлекеттік сатып алулар порталында «NN Journal» басылымына қатысты басқа хабарландыру шыққан жоқ.

Бұдан басқа екі жыл бұрын журнал Қазақстанның мемлекеттік мекемелері мен басқа елдердегі консулдықтарға ғана емес, сондай-ақ АҚШ-тың Ұлттық мұрағаттар мен құжаттама басқармасына, Джон Ф.Кеннеди президенттік кітапхана-мұражайына, Барак Обаманың президенттік кітапханасына және АҚШ-тағы бірқатар басқа да мұрағаттарға таратылатын.

Тағы бір қызықты жайт, аталған тендерлердің ешқайсысында журналда жариялануы керек тақырыптар мен қандай да бір ерекшеліктер көрсетілмеген. Тендер авторлары журнал мазмұнына жасаушылардың өздері жауап береді деп болжағанға ұқсайды.

Журналдың көлемін, авторларға төленген сыйақыны, сапалы аударма мен баспаға кеткен ақшаны ескерсек, бөлінген ақша, әсіресе, 2021 жылы соншалықты көп емес. Мәселе осы және осыған ұқсас басылымдарды бюджет есебінен қаржыландыру қаншалықты дұрыс? Себебі Назарбаевқа қатысты ел ішінде де, шетелде де медиа қызығушылығы онсыз да тиісті деңгейде.

Сондай-ақ Тұңғыш Президент Кітапханасына жыл сайын мемлекеттік қазынадан қомақты қаражат бөлінетінін атап өтейік. Мысалы 2019 жылы Кітапхана қызметін қамтамасыз етуге 1 050 197 000 теңге, 2020 жылы – 1 045 033 000 теңге, ал биыл – 1 018 243 000 теңге бөлінді.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz