Telegram жаңа функциясын іске қосты

Телеграм желісінің канал және топ авторлары жазылушыларына фото мен видеоны сақтауға, хабарламаны басқаларға жіберуге және скриншот жасауға тыйым сала алады. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Бұл функцияны қосу үшін параметрдегі “топ/арна түрі” және “көшіруге тыйым салу” тармағын басу керек.

Функцияны іске қосқаннан кейін пайдаланушылар арнада жарияланған хабарламаны жібере алмайды. Сонымен қатар, скриншот жасап немесе видео мен фотоны сақтай алмайды.

Контекст

Бұған дейін Telegram мессенджері желі каналдарында жарнама функциясын сынақтан өткізіп жатқанын хабарлаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz