Pfizer-дің вакцинаға қосқан жаңа ингредиенті жанама әсермен күреспейді – Reuters

Желіде екпе салдырған балалардың жүрек ұстамасының алдын алу үшін Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасына жаңа ингредиент қосылды деген болжам тарады. Reuters Fact Check бұл қауесетті жоққа шығарды.

Әлеуметтік желі қолданушылары фармацевтика алпауыты өзінің COVID-19-ға қарсы вакцинасында трометамин химиялық қосылысы бар екенін жасырып отыр деп болжайды. Ал мәлімдемеге сүйенсек, бұл зат арнайы балалар үшін қосылды, өйткені ол «жүрек ұстамасы бар адамдардың жағдайын жақсарту үшін қолданылады» (мына жерде).

«Демек олардың өлімге әкелетін вакцинасы жүрек ұстамасы мен тромбтар тудырады .. бірақ бұл туралы ойлаудың орнына олар дәріні көптеп сатып жатқаны ма?!» – дейді әлеуметтік желі қолданушысының бірі.

Дәл осындай мәлімдеме Facebook пен Twitter-де мұнда, мына жерде, осында және мына жерде қайталанады.

Фактчекерлер трометаминді шынымен жүректі шунттау операциясынан кейін метаболикалық ацидозды емдеу үшін қолдануға болатынын анықтады. Сонымен қатар, бұл зат – вакциналардағы, препараттардағы және медициналық емес өнімдердегі жалпы тұрақтандырғыш ингредиент (мына жерде)  (трис буфері ретінде белгілі).

COVID-19-ға қарсы Pfizer/BioNTech мРНҚ вакцинасының ең үлкен кемшілігінің бірі – сақтаудың қатаң талаптары мен өте төмен температурада сақтау қажеттігі. Ерітуден кейін оны тоңазытқышта бір айға қалдырады (мұнда және мына жерде).

Компания Reuters-ке электрон пошта арқылы берген жауабында вакцинадағы фосфат-тұз буферін трис-буфермен алмастыру уақытты ұзартатынын хабарлады.

«Былайша айтқанда, ол вакцинаны организмге салғанға дейін мРНҚ-ның ұзақ уақыт ыдырамауына мүмкіндік береді, яғни педиатриялық вакцинаны кәдімгі тоңазытқыштарда 2-8°C температурада 10 аптаға дейін сақтауға болады»,

– деді Pfizer өкілі.

Интернетте медицина туралы жалған ақпараттың таралуына қарсы күресетін қоғамдық денсаулық сақтау ғалымдары тобы Meedan’s Health Desk эксперттері трометамин ковидқа қарсы Moderna вакцинасында да және басқа вакциналар мен дәрілерде тұрақтандырғыш ретінде қолданылатынын айтты. Оларға Эбола, денге және шешек ауруына қарсы вакциналар, қант диабетіне қарсы препараттардың бірі кіреді.

«Медицина индустриясынан басқа, трометамин хош иістендіргіштер мен косметикада тұрақтандырғыш ретінде де қолданылады»,

– деді Meedan’s Health Desk ғалымдары Reuters агенттігіне жолдаған электрон хатында.

«Бұрын COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасы үлкен жастағы адамдарға фосфат-тұз буфері (PBS) деп аталатын басқа буферді қолданған. Трометаминді қосу сақтау уақытын ұлғайту үшін керек болды, ол вакцина формуласын аздап қана өзгертеді. Осылайша, COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының трометамин арқылы жаңарған құрамы қауіпсіз, оны FDA мақұлдады. Денсаулық сақтау саласы мамандары адамдардың басым көпшілігіне COVID-19-ға қарсы вакцинацияны әлі ұсынып жатыр, өйткені қорғаудың пайдасы жанама әсерлердің ықтимал қауіпінен әлдеқайда жоғары», — делінген жауапта.

Осылайша, трометамин вакциналар мен препараттарға қосылатын кәдімгі буфер агенті екені анықталды. Оның COVID-19-ға қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасына қосылуы вакцинаның жарамдылық мерзімін айтарлықтай ұзартады.

Контекст

  • Шілде айында Испания, Ресей, Қазақстан, Оңтүстік Корея азаматтары Facebook желісінде барлық қолда бар вакцинаның құрамында қатерлі ісік тудыратын графен оксиді бар деген ақпарат таратты. Фактчекерлер ол хабарламалар фейк деген қорытындыға келді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz