Қазақстандық ипотека әлемде ең қымбат па?

Қарашаның соңында қазақ және орыс тілді интернет кеңістікте “Қазақстанда ипотека әлемдегі ең қымбаттардың бірі” деген ақпарат тарады (1,2,3,4). Ақпаратқа сай, ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі бойынша Қазақстан антикөшбасшы елдердің ондығына кіреді-мыс. Анализ-материалды Energyprom.kz журналистері әзірлеген. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Energyprom журналистері материалда толықтай Numbeo-ның деректерін пайдаланған. Ал Numbeo-ның ақпаратты қарапайым қолданушылардан сауалнама алу арқылы жинайды, әрі оның ішінде барлық мемлекет қамтылмаған. Мысалы ипотека туралы дерегінде тек 98 мемлекеттің тізімі бар. Бұған дейін де Energyprom Numbeo-ның деректерін пайдаланғанын және олардың манипуляция екенін бірнеше рет жазғанбыз.

Жалпы Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры немесе БҰҰ ипотеканың пайыздық мөлшерлемесіне қатысты ешқандай рейтиң не есеп жүргізбейді. Ал әлемдік Statista.com биылғы жылы мамырда жекелеген елдердегі ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі бойынша статистика жасаған. Дегенмен ол жерде тек 33 мемлекеттің дерегі бар, ішінде Қазақстанға қатысты ақпарат жоқ.

Қазақстанда ипотекалық кредиттің пайыздық мөлшерлемесі қанша?

Ұлттық Банктың ақпаратына сай, 2023 жылы қазанда ипотекалық кредиттің пайыздық мөлшерлемесі 11% болған. Ал кейінгі 7 жылдағы көріністі қарасақ, ең төменгі 7,5% 2020 жылы берілсе, ең жоғарғы 9,4% 2015 жылы берілген.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz