Қазақстанда алманың бағасы ТМД елдерінен қымбат па?

Кейінгі бірнеше күнде түрлі сайттарда “Қазақстан алманың бағасы рейтиңінде ТМД елдерінен жоғары тұр” деген ақпарат тарады (1, 2, 3, 4). Рейтиңге 98 мемлекет енген, оның ішінде Қазақстан 19-орында. Көптеген сайттар алғашқы дереккөз ретінде EnergyProm-ға сілтеген. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляуия

Көптеген сайт сілтеген Energyprom.kz ақпаратты Numbeo-ның деректеріне сүйене отырып жасаған. Ал біз бұған дейін бірнеше рет Numbeo деректерінің әрі методологиясының күмәнді екенін жаздық. Себебі олар ақпаратты сауалнама түрінде жинайды және рейтиңде тек 98 мемлекет бар.

ТМД елдеріндегі баға туралы

ТМД елдері арасындағы алманың бағасын салыстыру үшін әр мемлекеттің ресми статистикалық сайтына кіріп, талдау жасадық. Қазіргі таңда ТМД құрамына 11 мемлекет кіреді. Түркіменстан статистика сайтында ешқандай ақпарат жоқ, ал Тәжікстанда ең кейінгі ақпарат 2019 жылы жарияланған. Қолда бар ақпаратқа сай, ең қымбат қымбат алма Арменияға (1кг – 1,42 доллар), ең арзаны Украинаға (1 кг – 0,56 долар) тиесілі екенін анықтадық.

Қазақстанда алманың бағасы қалай?

ҚР Ұлттық статистика бюросының қазандағы дерегі бойынша, 1 кг алманың бағасы 601 теңге болды. Ең қымбат 761 тг Өскеменде, ең арзан 471 тг Түркістан қаласында тіркелген.

Контекст

Біз бұған дейін Numbeo, Studee.com, ТурСтат аналитикалық агенттігі, Best countries және тағы басқа методологиясы күмәнді, статистикалық сенімділігі сын көтермейтін әрі барлық елді қамтымайтын “халықаралық” деректер туралы жаздық. Алдағы уақытта егер де жоғарыдағы аталған дереккөздерге сілтеген қандай да бір материал байқасаңыздар ары қарай таратпауларыңызды сұраймыз.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz