Жазатайым оқиғалар мен жарақат өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі ме?

18 ақпанда өткен мәжілістің VII шақырылымындағы соңғы отырысында экс-депутат Зарина Қамасова жазатайым оқиғалар мен өлім-жітім себептері жайлы сауал жолдады. Оның айтуынша, жыл сайын елімізде 500 мыңнан астам жарақат пен улану жағдайы тіркеледі. Осы орайда Factcheck.kz мәлімдемені тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:20:40

Жыл сайын республикада 500 мыңнан астам жарақат пен улану жағдайлары тіркеледі.

Зарина Қамасова, депутат

Үкім: Шындық

Ашық дереккөздерден ақпарат таппаған соң ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдаған едік. Сауалдағы жауапқа сәйкес, расымен де жыл сайын 500 мыңнан астам жарақат алу мен улану жағдайы тіркеледі.

Жазатайым оқиғалар мен жарақаттардан болатын өлім елдегі жалпы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бестігіне кіреді.

Зарина Қамасова, депутат

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жазатайым оқиғалар мен жарақаттан болатын өлім расымен де жалпы өлім-жітімнің бестігіне кіреді. 2022 жылы жазатайым оқиғадан, уланудан және жарақаттан 11 251 адам қаза тапқан. Бұл елдегі өлім-жітім көрсеткішінде саны бойынша бестікке кіреді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz