Журналист Асхат Ниязовтың үстінен қозғалған іс тоқтады

29 сәуірде журналист Асхат Ниязовтың үстінен “Жала жабу” бойынша қозғалған іс тоқтады. Астана қаласы әкімшілік сотының төрешісі істе “құқық бұзушылық құрамы жоқ” деп таныды.

Сот процесі Асхат Ниязовтың Азаттық туралы жазбаны бөліскені үшін басталған еді. Ол қаңтарда Азаттық журналистері аккредитация ала алмай жүргенде редакцияны қолдап пост жазған.

Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі жазба “қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін төндіреді немесе азаматтардың я ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіреді” деп тапқан соң полиция тергеу бастаған. Кейін полиция пост мазмұнында қылмыстық құқық бұзу белгісі жоқ деген қорытынды жасаған.

Factcheck.kz