Манипуляция | Табиғи шырындар коронавирусты 5 минут ішінде жояды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавируспен ауырудың, әсіресе оның Америка мен Еуропада өршуіне қатты алаңдап отыр. Тиімді вакцинаны немесе ғажайып дәріні қалап отырған қарапайым азаматтар да олармен бірдей алаңдайды. Кейінгі емге қателесіп, лимон шырыны, сілтілі тағамдар, қияр, теңіз балдыры, қырыққабат, сарымсақ суы, тұзды су, сода, зімбір, тіпті қой етінің май құйрығы жатқызылды. Жақында кейбір табиғи сусынға да дәрілік қасиетті қосып қоятын болды:

«…мамандар адам ағзасындағы коронавирусты қара жемісті шетен шырыны тиімді өлтіретінін анықтады. Сонымен қатар, анар шырыны COVID-19 патогенін 80%-ке дейін жоюға қабілетті. Ғалымдар коронавирус инфекциясын басқа табиғи сусындар және жасыл шай коронавирус инфекциясын әлсіретуге жақсы әсер ететінін де айтты. Олардың айтуынша, бұл табиғи өнімдерде вирусқа кері әсер ететін қышқыл орта және өсімдік полифенолдары бар».

Zakon.kz

Үкім: Манипуляция

Ульм университеті медицина орталығы зерттеушілері жариялаған ғылыми мақала сарапшылар бағалауынан өтпеді. Ғалымдар қорытындысы түтік эксперименттеріне негізделген, сондықтан оларды адамдардағы коронавирустың алдын алу немесе емдеу үшін қолдану мүмкін емес. Сусындардағы вирусқа қарсы заттар адам ағзасындағы COVID-19 шабуылдаған жасушаларға қалай ене алатыны туралы сұрақ та түсініксіз күйде қалып отыр. Сонымен қатар, сусынды шамадан тыс қолдану денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Талқыланып отырған ғылыми жұмыс контексінде назар аударуға тұрарлық бірінші нәрсе – ол жарияланған жері. bioRxiv – биология саласындағы ғылыми мақалалардың препринт қызметі. Осылайша, неміс ғалымдарының мақаласы сараптама бағалауынан өтпеді, рецензия жазылмады және ол алдын ала және таза теориялық тұжырымдардан тұрады.

Екіншіден, зерттеу әдістемесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Ғалымдар шетен, анар, ақжелкен сусындарын алып, сонымен бірге, бір стақан көк шай қайнатты. Содан кейін зерттеушілер осы өсімдік заттарын шешек, тұмау, аденовирус және SARS-CoV-2 вирустары «жұққан» өсірілген адам жасушалары бар түтікке қосты.

Тәжірибе көрсеткендей, SARS-CoV-2 әсерін қара жемісті шетен сусыны тиімді төмендетеді (вирус титрінің төмендеуі> 96%), ал анар сусынынан немесе жасыл шайдың әсер төмендету тиімдігі аздау (80%-ке жуық). Сонымен қатар, «байланыс уақыты айырмашылығы әсер төмендету тиімдігіне қатты ықпал еткен жоқ» деп айтып өтті зерттеу авторлары.

Біз тірі ағзадан тыс жасалған мұндай in vitro эксперименттер, әдетте аса сенімді емес деп саналатынын және тек in vivo зерттеулерін алдын ала көрсететінін айтып өтеміз. Мұны Fakecheck.ru сайтындағы әріптестеріміз де байқады.

Үшіншіден, алдыңғы зерттеулер негізінде неміс ғалымдары зерттелген заттардың вирусқа қарсы белсенділігі рН қышқылы немесе полифенолдар әсерінен болады деген болжам жасады. Дегенмен мұнда үміт көп болса да, ғалымдар коронавируспен күресу үшін сусындар мен шайға сенбеуге кеңес береді.

«COVID-19 вирусын жоятын белгілі бір X құрал бар болса, мәселе осы құрал вирустың нысаны болатын жасушаларға қалай енетінінде болып тұр. Қара жемісті шетен сусыны асқазанға түсті делік, ол тіпті вирусқа әсер етеді дейік. Бірақ ол вирус өтетін тыныс алу органдарының эпителий жасушаларына қалай жеткізіледі?» – деп «МИР 24» Мәскеу мемлекеттік университеті биология факультеті вирусология кафедрасының профессоры Алексей Аграновский сөзін келтіреді.

Сонымен қатар, мамандар коронавирусты (немесе кез келген басқа вирусты) жеңу үшін қажет арнайы антиденелерді өндіру үшін организм бәрібір де онымен ауыру керек екенін айтты. Адамзатқа белгілі барлық зат, әсіресе, ешқандай тамақ пен сусын адам денесіндегі коронавирусты жай ғана жоя алмайды, өйткені беттерде COVID-19-ға қарсы әртүрлі дезинфекциялық құрал бар.

COVID-19-дан қандай тамақ қорғайды?

Британдық диеталық қауымдастық «ешқандай тамақ немесе қоспалар коронавирус инфекциясы алдын алмайтынын» айтады. Осы уақытқа дейін Еуропалық тағам қауіпсіздігі агенттігі кез келген тағамға/компонентке инфекциядан қорғайтынын растайтын марка жапсыруға арналған бірде бір өтінімді мақұлдамады. Иммунитет қалыпты жұмыс істеуі үшін диетологтар қауымдастығы кейбір тағамды басқаларынан артық көріп қолдануды ұсынбайды, теңдестірілген әртүрлі диета ұстанған жөн екенін айтады.

Сусынды қалай дұрыс пайдалану керек?

Сусындарды, тіпті «100% пайдалы» дегендерінің өзінде, тіске зиян қанттар мен қышқылдар бар. Сондықтан олардың көлемін күніне бір стақаннан (150-200 мл) артық ішпеу ұсынылады, деп жазады диетолог Мария Кардакова «Әуелі сорпа, содан кейін десерт» кітабында. Қышқыл мен қант мөлшерін азайту үшін маман сусындарды сумен араластыруға кеңес береді.

Диетолог Елена Мотова табиғи сусындар (оның ішінде үйде жасалатыны) калория мөлшері көп болғандықтан және қант құрамы жағынан теңдестірілген диетаға жатпайтынын айтып өтті. «Витаминдердің көп болғанын қаласаңыз, көкөніс пен жеміс жеңіз. Күніне бес жеміс пен көкөністі жеудің қарапайым ережесі өз күшінде», – дейді ол.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Маргарита Бочарова
Журналист-аналитик. Магистр социальных наук