WhatsApp арқылы тарайтын Израильдегі шайқастың фотосы телефонды бұза ала ма?

Желіде “Алаяқтар WhatsApp арқылы Израильдегі шайқас бейнеленген фотоларды Seismic Waves CARD деген файл түрінде таратады. Сөйтіп оны ашып көрген адамның телефонын бұзып алады” деген хабар тарады. Factcheck.kg ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

“Оны ашпаңыз, ол телефоныңызды 10 секундта бұзып алады және оны қалпына келтіре алмайсыз”, – делінген хабарламада.

WhatsApp арқылы тарайтын Израильдегі шайқастың фотосы телефонды бұза ала ма?

NBC News басылымының ақпараты бойынша, мұндай хабарламалар ағылшын тілін қолданатын қолданушылар арасында қазаннан бастап тарады. Басылым WhatsApp өкілдеріне сілтеп, кибершабуыл туралы ақпараттың шынайы екеніне ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеді.

Бұл – биыл қыркүйекте тараған хабарламаның ағылшын тіліне аударылған түрі. Ол кезде де WhatsApp-та Seismic Waves Card деген хакерлердің құралы туралы ақпарат тараған. Бірақ бұл нұсқасында Мароккодағы жер сілкінісі бейнеленген фотомен жасырылған.

Snopes фактчекерлері де WhatsApp өкілдеріне сауал жолдаған. Компания оларға да қауесеттің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

Оған қоса жақында осыған ұқсас тағы бір хабар болды. Бірақ бұл жолы ол Колумбияның Кальваро қаласындағы жер сілкінісі бейнеленген суретпен өңделген. Euro.ESEuro басылымы вирустық хабарлама Facebook, WhatsApp, TikTok желісінде кем дегенде 25 тамыздан бері жарияланғанын хабарлады. Олардың дерегі бойынша, бұл мағлұмат бұған дейін Чилидегі жанартау бейнеленген фотомен жарияланған. Сол уақытта Испанияның киберқауіпсіздік ұлттық институты осы сияқты кибершабуылды тіркеген. Ол хабарламалар жалған болып шыққан.

Factcheck.kz