Видеода Үндістанның Одиша штатындағы пойыз апаты бейнеленген бе?

2023 жылғы 2 маусымда Үндістанның Одиша штатында пойыздар соқтығысып, салдарынан көп адам қаза тапты. Оқыс оқиғадан соң желіде түрлі ақпарат, фото мен видео жарияланды. Алайда апатқа еш қатысы жоғы да тарады. Бұл туралы Reuters Fact Check жазды.

Үндістандағы пойыз апатының кадрлары Нью-Делидің назарына түсті. Пойыз соқтығысып, 280 адам қаза тапты, 900-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы үндістандық БАҚ хабарлады“, – делінген Twitter-дегі жазбада. Бұл пост 200 мыңнан астам рет қаралған. Осыған ұқсас хабарлама Facebook-те де тарады.

Видеода Үндістанның Одиша штатындағы пойыз апаты бейнеленген бе?

Шын мәнінде, бұл видеоны “Америка дауысы” телекомпаниясы 2019 жылғы қарашада Үндістанның Хайдарабад қаласында пойыздар соқтығысқанда жариялаған.

Үндістанның басқа жаңалықтар агенттігі де осы видеоны төрт жыл бұрынғы оқиғаны көрсету үшін пайдаланған (мұнда, мұнда).

Осылайша, 2019 жылғы Хайдарабадта соқтығысқан пойыз кадрлары 2023 жылғы 2 маусымда Одиша штатында болған қайғылы оқиғаның видеосы ретінде тараған болып шықты.

Factcheck.kz