Вейп еркектің жұмыртқасын кішірейте ме?

Интернетте “кәдімгі темекі және вейп сияқты электрон шылым ер адамның жұмыртқасын кішірейтуі және оның спермотозоидын азайтуы мүмкін” деген ақпарат тарады. Мұны арнайы зерттеу нәтижесі дәлелдеді деседі. Snopes фактчекерлері деректі тексерді.

Бұл ақпарат желіде және Forbes, The New York Post, The Daily Mail сияқты танымал басылымдарда жарияланды.

Жоғарыда аталған басылымдарда келтірілген зерттеу шынайы. «Шылым шегу мен электрон темекінің егеуқұйрықтардың ұрықтарына әсері» деген зерттеу жұмысы 2023 жылғы шілде-қыркүйекте испаниялық Revista Internacional de Andrología журналына жарияланған. Онда шынымен-ақ, темекі мен электрон темекінің аталық без физиологиясын өзгертетіні жайлы жазылған. Бірақ зерттеу адамдарға емес, егеуқұйрықтарға жүргізілген.

Кәдімгі және электрон темекінің ер адамның жұмыртқасына әсері әлі де белгісіз. Ғалымдар оны анықтау үшін тағы да тереңірек зерттеу керек екенін мәлімдеді.

Дегенмен басқа зерттеулер вейп пен электрон темекі ерлердің денсаулығына зиянын тигізетінін көрсетті. Мысалы, 2020 жылғы зерттеу электрон темекіні пайдалану сперматозоид санының төмендеуімен байланысты екенін дәлелдеді.

Factcheck.kz