Сот ChatGPT қолданған заңгерлерге айыппұл салды

Жақында Нью-Йорктың федерал соты клиентінің шағымын қолдау үшін заң негіздемелерін ChatGPT арқылы жасаған заңгерлерге айыппұл салды. Олардың құжатында жалған сот шешімдерінің сілтемелері мен фейк цитаталар бар болып шықты. Бұл туралы CNBC хабарлады.

Судья П. Кевин Кастелдің айтуынша, Питер ЛоДука және Стивен Шварц деген адвокаттар наурызда Avianca әуекомпаниясына қарсы іс туралы мысал келтіріп, “өз міндетін орындаудан бас тартқан”. Кейін сот олардың мысалына күмәндана бастаса да “жалған пікірді ұстануды жалғастырған”.

Енді заңгерлер және олардың заң фирмасы — Levidow, Levidow & Oberman 5 мың доллар айыппұл төлеуі қажет. Оған қоса олар құжатта аты аталған сот төрешісінің әрқайсына айыппұлы туралы хабарлауға міндетті.

Forbes мәліметінше, Levidow, Levidow & Oberman заң фирмалары сот шешімін бұлжытпай орындайтынын айтқан. Дегенмен олар үкімге толық келіспейтінін де жеткізді. Себебі олардың сөзінше, заңгерлер жасанды интеллектінің сот мысалдарын ойдан шығаратынын білмеген.

Factcheck.kz