Саутпорттағы жағдай: қылмыскерге қатысты жалған ақпарат тарады

Ұлыбританияның Саутпорт қаласында жасөспірім балалар би студиясына шабуыл жасап, салдарынан үш қыз қайтыс болды, бірнеше адам ауыр жарақат алды. Полиция қылмыскерді ұстады. Шабуылдан кейін демонстранттар агрессив түрде бірнеше наразылық ұйымдастырды. Оңшыл ұйымдар иммигранттармен байланысуға тырысқан. Бұл туралы “Америка дауысы” басылымы жазды.

Демонстранттар Саутпорттағы жергілікті мешітте полициямен қақтығысты. Лондондағы премьер-министр Кейр Стармердің Даунинг-стриттегі резиденциясының алдына жүздеген адам сыра банкаларын лақтырып, петардалар атты. Полиция 100-ден астам адамды ұстап, қамаған.

Сейсенбіде жүздеген адамнан тұратын топтар полицияның арнайы бөлімшесінің қызметкерлеріне кірпіш пен бөтелке лақтырған. Тәртіпсіздік кезінде қоқыс жәшіктері мен көліктер өртеніп, бір дүкен тоналды. Билік 50-ден астам полиция қызметкерінің жараланғанын, олардың жартысына жуығы ауруханаға түскенін хабарлады.

Алайда полиция қылмыскердің аты-жөні оңшыл белсенділер және шығу тегі белгісіз аккаунттар айтқандай емес екенін мәлімдеді. (Ұлыбританияда 18 жасқа толмаған күдіктілердің аты-жөні жария етілмейді).

Полиция күдіктінің Ұлыбританияда туғанын, оның пана іздеуші екені туралы желідегі мәлімдеме жалған екенін айтты.

Factcheck.kz