Поляк арнасы Хәрри Поттердің маңдайындағы тыртықты алып тастады ма?

2023 жылғы сәуірде әлеуметтік желіде “Польша Хәрри Поттердың маңдайындағы Z тәріздес тыртық Ресейдің пропагандасына ұқсайтындықтан оны әдейі жауып тастады” деген ақпарат тарады. “Проверено” фактчекерлері деректің рас-өтірігін тексеріп көрді.

Бұл мағлұмат бірқатар орыс тіліндегі Telegram арнасында жарияланды (мұнда, мұнда, мұнда және мұнда).

“Проверено” факчекерлері 2023 жылғы 27 сәуірде “Раньше всех. Ну почти. Спецоперация” деген Telegram арнаның жариялаған жазбасын тауып алды. Онда көпшілік арасында тараған видео да жүктелген.

Бейнеде поляк тілінде: “Stopklatka телеарнасы Хәрри Поттердың тыртығын өшіріп тастады. Stopklatka Хәрридің түрін өзгертіп, көрерменді ашуландырды. Хәрридің маңдайындағы әлемге әйгілі тыртығы жоғалып кетті. Адамдар “Хәрри Поттер және пәлсапа тас” бөлімін көргенде кейіпкердің маңдайында тыртығы жоқ екенін байқады. Stopklatka тыртықты нейрожелі арқылы өшіріп тастады, себебі ол белгілі бір категорияға жататын көрерменді ренжітуі мүмкін. Хәрри Поттердың найзағай сияқты тыртығы Украинадағы ресейлік агрессияның нышанымен жағымсыз түрде байланыстырылуы мүмкін. Арна әкімшілігі “Кейіпкердің түрі бұрынғы қалпы келе ме, жоқ па?деген сұраққа жауап бермеді. Ал НВО арнасы 2025 жылы Хәрри Поттер туралы сериал шығатынын мәлімдеді. Алайда оған Хәрри Поттер фильміндегі актерлар түспейтіні түсінікті“.

Көпшілік арасында тараған видеоның бұрышында Dzennik Gazeta Prawna газетімен байланысыты DGP Flez логотипі тұр. Алайда фактчекерлер Youtube-тан да, Facebook-тан да осы логомен шығатын ресми видеолардың қатарынан тараған бейнені таппады.

Фактчекерлер осыған байланысты DGP редакциясына сауал жолдады. Сол кезде газеттің бас редакторы Барбара Каспшицки былай жауап берді: “Кешіктіргенім үшін айып етпеңіз, бірақ мен барлық ықтимал орынды тексеріп болған соң ғана жауап бергім келді: жоқ, бұл біздің кадрлар емес. Мұнда біреу біздің логотипімізді заңсыз қолданып отыр”.

Сонымен бірге видеоның өңделгенін бірнеше деталінен байқауға болады: көпшілік арасында тараған видеодағы әуен, қарпі газеттікіне ұқсамайды. Оған қоса 27 сәуірде интернетте пайда болған фейк бейненің фонында ағылшын тіліндегі poligon.com сайтының Жоан Роулиңнің шығармасы негізінде сериал жарық көруі мүмкін екені туралы 3 сәуірдегі жаңалығы көрсетілді. Дегенмен 2023 жылғы 12 сәуірде сериалдың ресми анонсы шыққан болатын, яғни бейне осы хабарландыруға дейін жасалған болуы мүмкін.

Factcheck.kz