Пентагон белгісіз ұшақ нысандарына арналған сайтты іске қоспақ

Пентагон жаңа уеб-сайттың іске қосылғанын мәлімдеді. Онда көпшілікке белгісіз ұшақ нысандары (UAP) туралы ақпараттар жарияланады. Бұл туралы SecurityLab АҚШ-тың ресми агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Сайт Америка Құрама Штатындағы UAP есептерін талдайтын, 2022 жылғы шілдеде негізі қаланған Барлық қоршаған ортаның аномалиясын талдау кеңсесі (AARO) Пентагон бөлімшесінің ресми ақпарат көзі болады.

«Бұл сайт AARO және UAP-қа қатысты барлық қоғам ақпаратына қол жеткізудің бірыңғай нүктесі ретінде қызмет етеді. AARO сайтты жүйелі түрде жаңартып отырады, жаңа ақпарат көпшілікке жария етілмес бұрын нақтыланады», – делінген АҚШ қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, сайт күзде іске қосылуы қажет.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz