The New York Times OpenAI және Microsoft-ты сотқа береді

The New York Times OpenAI мен Microsoft компаниясын жасанды интеллектің генератив моделін оқытқанда басылымның контентін қолданып, авторлық құқықты бұзғаны үшін сотқа берді. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.

Басылым арызды Манхэттеннің федерал округтік сотына берді. Онда ChatGPT, Copilot сияқты нейрожелілерді оқыту үшін басылымның миллиондаған мақаласы рұқсатсыз қолданылғаны жазылған.

The New York Times редакциясы OpenAI және Microsoft компанияларынан қорлайтын материалдар бар моделдер мен оқу деректерін өшіруді, “”NYT-тың бірегей жұмысын заңсыз көшіргені және қолданғаны үшін” “миллиард долларға тең нақты шығынды” өтеуді талап етті.

“The Times және басқа жаңалық агенттіктері өзінің тәуелсіз журналистикасын құрып, қорғай алмаса, компьютерлер де, жасанды интеллект те толтыра алмайтын бос кеңістік пайда болады”, – делінген арызда.

“Журналистика азайып, қоғам көп шығынға батады”, – деп қосты басылым өкілдері.

“Біз контент авторларын құрметтейміз және олар жасанды интеллект технологиясынан, жаңа табыс моделінен пайда көруі үшін олармен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Біз The New York Times газетімен өнімді әрі конструктивті диалог құрғанбыз, сол себепті жағдайдың бұлай болғанына таңғалдық және көңіліміз түсіп отыр. Біз көптеген басқа басылымдармен бірлесіп жұмыс істегендей, олармен де тиімді қызмет атқарудың жолын табамыз деген үміттеміз”, – деді OpenAI өкілі электрон пошта арқылы TechCrunch-ке жіберген хатында.

Жасанды интеллектің үлгілері желіде бар ақпарат бойынша оқытылады. Ал OpenAI сияқты компаниялар оларды өзінің оқу жинағына қосу үшін интернеттен миллиондаған мағлұмат жинап береді. Кейбір контент ашық дереккөзде тұрады, енді біреулері сілтеме көрсетуді немесе өтемақы төлеуді сұрап жатады.

Деректі жинап беретіндер қауіпсіздік, құқық мәселесі толық қарастырылғанын мәлімдеп отыр. Алайда авторлар бұған келіспейді: қазір жүздеген жаңалық агенттігі OpenAI, Google және тағы басқалары ЖИ моделін оқытқанда олардың уеб-сайтын пайдаланбауы үшін арнайы код енгізіп жатыр.

The New York Times OpenAI, Microsoft компанияларының үстінен шағымданған бірінші басылым емес. Дегенмен бұл газет алғашқылардың бірі болып “чат-бот галлюцинациясының” және жалған ақпараттың құрбаны болғанын мәлімдеді.

Басылым арызда бірнеше мысал келтірген. Мәселен, Microsoft Bing Chat (қазіргі Copilot) “Жүрекке пайдалы 15 өнім” деген мақаланы жариялаған және ақпаратты The New York Times басылымынан алғанын жазған. Алайда бұл жалған мағлұмат болып шықты. Себебі газетте мақаладағы 15 өнімнің 12-сі жазылмаған.

Сонымен қатар басылым өкілдерінің айтуынша, OpenAI мен Microsoft NYT жұмысын пайдаланып, жаңалық шығаратындар үшін бәсеке тудырып жатыр. Оған қоса оқырман жазылып қана алатын ақпаратты таратып, агенттік кәсібіне залалын келтіріп отыр. Оған қоса кейбір ақпарат алғашқы дереккөзсіз шығып жүр.

Ал TechCrunch кейбір басылым ЖИ-дің генератив моделін жасайтындармен соттаспай, оның орнына келісімге қол қойғанын айтты. Мысалы, шілдеде Associated Press агенттігі, желтоқсанда Axel Springer деген неміс басылымы OpenAI-мен келісім жасасқан.

Бір қызығы, The New York Times арызында сәуірде Microsoft және OpenAI компанияларымен лицензиялық келісімге келуге тырысқан, бірақ ол сәтсіз аяқталған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz