Үндістан дипфейкті бақылайтын ереже енгізбек

Үндістан билігі дипфейк пен жасанды интелектің қауіпті өнімін анықтауға, шектеуге көмектесетін ережелерді әзірлеп жатыр. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.

Үндістанның ақпараттық технологиялар министрі Ашвини Вайшнаудың айтуынша, оның департаменті барлық ірі әлеуметтік медиа компаниямен, Nasscom салалық орган өкілдерімен, ғалымдармен кездескен. Сол кезде барлығы дипфейкті анықтауға, жасанды интеллект арқылы жасалған қауіпті контенттерді шектеуге қатысты ереже шығаруға қатысты бір келісімге келген.

“Компаниялар бізді алаңдатқан мәселеге қатысты ойымызды қолдады және оның (дипфейкті) сөз еркіндігі емес екенін түсінді. Оның қоғамға қаупін ұқты. Олар бұл мәселе бойынша әлдеқайда қатаң реттеу қажет екенін түсінді, сондықтан біз мұны реттейтін жобаны әзірлеуге келісеміз”, – деді министр.

Оның айтуынша, министрлік 10 күнде дипфейкпен күресу үшін «нақты тәжірибелік ұсыныстарды» шығарады. Нью-Дели талапты орындамағандарға айыппұл салуды жоспарлап отыр. Министрдің сөзінше, желтоқсанның басында әлеуметтік желіні дамытып жатқан компаниялардың өкілдері осы мәселе бойынша министрлікте кеңес өткізеді.

“Дипфейк тексерілмей жатып, лезде тарап кетуі мүмкін. Жүктелгеннен кейін бірнеше секундта вирустық хабарға айналады. Сондықтан бізге қоғамның сенімін жоғалтып алмас үшін және демократияны қорғау үшін дереу нақты қадам жасау керек”, – деді ол. Оған қоса ол белгілі үндістандық министрдің оппозиция партиясына дауыс беруге үгіттеп жатқаны көрсетілген фейк видео туралы айтты.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz