“Әділ сөз” Сандуғаш Дүйсенова ісі бойынша президентке үндеу жолдады

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығы қоры президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Orda.kz журналисі Сандуғаш Дүйсенова ісіне байланысты ашық үндеу жариялады.

11 тамызда құқық қорғау органдары Сандуғаш Дүйсенованы ұстап әкетті. Ол “Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу және жеке деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу” бабы бойынша күдікті боп танылды. Келесі күні процессуал шарадан соң кепілге босатылды.

“Әділ сөз” қорының айтуынша, мұнда Дүйсенованың 2022 жылғы мамырда адам өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеп жатқан Ақжалбековтың ЖСН нөмірін қоғам игілігі үшін мақаласында жариялағаны туралы сөз қозғалып отыр. Бұл мақала полицияға ер адамды анықтауға көмектесу үшін дайындалған. Енді қылмыскер Сандуғаш Дүйсенованың үстінен арыз жазған.

Қордың құқық қорғаушыларының айтуынша, «Сандуғаш Дүйсеноваға тағылған айыпта қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ. Оның ісі ең болмағанда, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қайта саралануы керек». Олар Ақжалбековтың ЖСН-ні бұған дейін, 2021 жылы ашық дереккөздерде тарап кеткенін, тергеу ісі жәбірленушіге айтарлықтай зиян тигенін растайтын дәлел келтірмегенін мәлімдеді.

Сонымен қатар қор журналистің жеке басын тінту қаншалық дұрыс әрекет екеніне күмәнмен қарайды. Біріншіден, Дүйсенованың ЖСН-ді ашық жариялап-жарияламағанына оның денесін тінтудің қаншалықты қатысы бары түсіндірілмейді. Дүйсенованың айтуынша, тінту кезінде оны толық шешінуге мәжбүрлеген. Ал тінту жүргізілген бөлмеде полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау орнатылған.

Бұған дейін журналист БАҚ өкілдеріне полиция бөлімінде оны жалаңаш күйінде видеоға түсіргенін айтқан. Дүйсенова мұның не үшін қажет екенін сұрағанда журналистің “сағын сындыру үшін” деген жауап алған.

Конституцияның 17-бабына сәйкес, адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды. Ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық, басқа да қатыгездік не ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас көрсетуге я болмаса жазалауға болмайды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 13-бабы бойынша, қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде процеске қатысушы адамның ар-намысын қорлайтын не қадір-қасиетін төмендететін шешімдер мен әрекеттерге тыйым салынады.

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығы қоры

Қор Президентке бас прокуратураға қылмыстық істің қаншалық заңды екенін, Жоғары сотқа журналистің жеке басын тінтуге рұқсат берген тергеу судьясының шешімі қаншалық заңды екенін тексертуді талап етті. Оған қоса Ішкі істер министрлігіне журналистің ісі бойынша қылмыстық іс қозғаған және оның жеке басын тінтіген лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеуді тағайындауды сұрады.

Үндеудің толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz