Гавайдағы орман өрті ғарыштағы лазердің әсерінен болды ма?

Ағылшын тіліндегі сегмент қолданушылары 2023 жылғы тамызда АҚШ-тың Гавай штатында болған ауқымды орман өрті ғарыштағы лазердің салдарынан болғанын мәлімдеді. Agence France Press ақпаратты тексерді.

«Лахайна, Мауи (қала орналасқан қала мен арал — ред.) жер бетінен жойылып кетті”, – делінген радиожүргізуші Стью Питерстің бірнеше жазбасында. Ол бұған дейін Covid-19 вакцинасы туралы қастандық теориясын таратқан-ды. “Бұлай тек энергия қаруы жоя алады”, – деп жазбасын түйіндеді автор.

Бұл мәлімдеме бірқатар желіде тарады (1, 2, 3, 4). Ақпарат кем дегенде 55 адамның өмірін қиған Лахайна қаласындағы өрттен кейін пайда болды. Кейбір постта аспаннан түскен жарық сәуленің суреттері бар.

Мауидегі өрттің нақты себебі анықталмағанына қарамастан, оның энергия қаруы салдарынан болғанын растайтын ешқандай дәлел жоқ.

“Ақылға сыймайтын мәлімдеме екені анық”, – деді Берклидегі Калифорния университетінің машина жасау кафедрасының доценті, өрт динамикасын зерттеуші Майкл Голлнер.

Колорадо университетінің ұлттық қауіпсіздік бастамалары орталығының директоры және бағытталған энергия қарулары бойынша сарапшы Йэн Бойдтың айтуынша, теория жүзінде энергия лазері құрғақ өсімдіктерді тұтандырып, салдарынан өрт тудыруы мүмкін, бірақ Гавайдағы өртке басқа да нақты себептерді атауға болады.

«Өлімге әкелетін өрт басталғаннан кейін оның тарауына құрғақ өсімдік, қатты соққан жел, құрғақ ауа және ылғалдың аз екені себеп болды», – деп түсіндірді Бьюкен 11 тамызда электрон поштаға жіберген хатында. Басқа сарапшылар да осы пікірді қолдады.

«Біздегі жағдай қауіпті еді», – деді Мэриленд университетінің Өрттен қорғау департаментінің төрағасы Арно Трув. Оның айтуынша, көп жағдайда өрттің ең жиі кездесетін себебі — найзағай және басқа табиғи құбылыстар, техника ақаулары мен адам әрекеті.

QAnon қозғалысына қатысты сарапшы, “Еврей ғарыштық лазерлері” еңбегінің авторы Майк Ротшильдтің айтуынша, 2010 жылы Калифорниядағы өрттен кейін де лазерлерге қатысты қастандық теориясы тараған.

“Бұл қастандық теориясы жақтастарының от пен желдің негізгі функциясын білмейтіндігінен”, – деді Ротшильд.

Қолданушылар бір суретте Мауиге бағытталған ғарыштық лазердің сәулесі бейнеленгенін айтады. Алайда олардың айтып отырған фотосы интернетте 2018 жылдан бері тарап жүр. Сол кезде Snopes фактчекерлері фотода Огайодағы мұнай өңдеу зауытында мұнай жаққандағы сәті көрінген болуы мүмкін екенін жазған.

Сарапшы Бойд камера жоғары энергиялы лазерлерді фотоға түсіре алмайтынын айтады.

«Біріншіден, қару ретінде қолданылатын заманауи жоғары энергиялы лазерлер инфрақызыл толқын ұзындығы бойынша істейді. Оны жай көзбен көру мүмкін емес. Екіншіден, аспанда көрінетін эффектіні жасау үшін ауаға көтерілмейтін және ғарышта қолдануға болмайтын қуатты лазер қажет”, – деді Бойд фото туралы.

Контекст

Қазақстандық медиада Greenpeace халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымының өрт картасына сілтеме жасап, Абай облысындағы өрт — аумағы бойынша планетадағы ең үлкен өрт екені туралы ақпарат тарады. Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

Factcheck.kz