Планетамыздағы аумағы ең үлкен өрт Абай облысында ма?

UPD 15 маусым 2023 жыл, 10.00. Greenpeace-тің бізге берген толық жауабынан кейін “Factcheck.kz сайтында жарияланған мәтіндерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ережесінесай “Фейк” үкімі “Жалған” болып өзгертілді және материал қосымша деректермен толықтырылды.

Жақын күндері қазақстандық медиада Greenpeace халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымының өрт картасына сілтеме жасап, “Абайдағы (облысы – ред.) орман өрті – аумағы бойынша планетадағы ең үлкен өрт” деген ақпарат тарады (1,2,3,4,5,6).

Осыған орай Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

Планетамыздағы аумағы ең үлкен өрт Абай облысында ма?

Үкім: Фейк

Factcheck.kz редакциясына Greenpeace халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымының өкілдері медиада жарияланған өртке қатысты картаны жасамағандығын және оның шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратына сай, облыста болған өрттің (12 маусымдағы дерек) жалпы ауданы 60 мың га-дан асып, оның 43 мың гектарында жану ошақтары бары байқалған. Өрт кезінде 15 адам қайтыс болды.

Канаданың Төтенше жағдайлар мининстрі Билл Блэр The Globe and Mail басылымына елде 431 өрт тіркелгенін, оның 200-ден астамы бақылаудан шығып кеткенін айтқан. Жыл басынан бері Канадада 4,7 млн га астам жер өртенген. Елдің Квебек, Альберта және Британдық Колумбияны қоса алғанда, бірнеше провинцияларында өрт әлі басылмаған.

Greenpeace ұйымының 13 маусым күнгі ақпаратына сай, орман өрті бойынша алғашқы бестікке Канада, Ресей, Бразилия, Аустралия және Қытай кірген және алғашқы бестікте Қазақстандағы өрт жоқ.

Толығырақ…

Бір қызығы, медиада пайдаланған өрт картасы Greenpeace-тің сайтында жоқ, алайда басылымдар дереккөз ретінде ұйымды көрсеткен. Ал Greenpeace қолданатын өрт картасы түс және қаріп бойынша медиада жарияланған картадан өзгеше.

Планетамыздағы аумағы ең үлкен өрт Абай облысында ма?

Суретті кері іздеу жүйесі арқылы картаны іздегенде, фотосурет басқа мекен-жайды көрсетті — arcgis.greenpeace.org/gpfire. Қазіргі уақытта платформаның қауіпсіздік сертификаты аяқталған. Егер сіз одан әрі қарай деректі іздемек болсаңыз, онда ұйым сайтының бастапқы бетіне апарады. 

Планетамыздағы аумағы ең үлкен өрт Абай облысында ма?

Greenpeace өкілі Элис Уилсонның айтуынша, картаны ұйым 2018 жылы жасаған, бірақ содан бері ұйым оны қолдамайды. Карта автоматты түрде жаңартылса да, платформадағы деректердің қаншалықты дұрыс екені белгісіз. Элис Уилсон қазіргі қолданыстағы картаны мына жерден қарауға кеңес береді: https://maps.greenpeace.org/fire_dashboard.

10 маусымға қараған түні әлемдегі ең үлкен өртке келер болсақ, Greenpeace Канададағы кейбір ошақтар 1000 шаршы шақырымға жеткендігін айтты. Бұл Абай облысындағы өрттің сол күні де, содан кейін де әлемдегі ең үлкен өрт еместігін білдіреді.

Ұйым өкілдері сондай-ақ Greenpeace-тің Қазақстанда өртті бақылаумен айналысатын жеке жобасы жоқ екендігін атай келе, мұрағаттағы ақпаратты алу үшін NASA карталарын қарауды ұсынды.

Фактчек | 2018-2021 жылдары 2438 өрт тіркелген

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz