Фактчек | 2018-2021 жылдары 2438 өрт тіркелген

8 қырқүйекте өткен Парламент Сенатының кезекті отырысында депутат Жеңіс Нұрғалиев соңғы кезде болған өртке байланысты сөз қозғады. Депутаттың айтуынша, 2018-2021 жылдар аралығында 2438 өрт тіркелген. Осы және өзге де келтірген деректерді Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:09:10

2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін жалпы ауданы 464 219 мың гектар болатын 2438 өрт болды, жалпы шығын сомасы 9 167 108 млрд теңгені құрады.

Жеңіс Нұрғалиев, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің дерегінше, 2018 – 2021 жылдар аралығында аумағы 505 834 гектарды құрайтын 2435 өрт болды. Жалпы шығын мөлшері 9 163 069 млрд теңгені құрады.

2022 жылы Қостанай мен ШҚО-да болған өртті есепке алмағанда жалпы аумағы 41 353 гектарды құрайтын 712 өрт тіркелді.

Бүгінгі таңда орманшылардың (лесник) орташа жалақысы 70-80 мың теңгені құрайды.

Жеңіс Нұрғалиев, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кейінгі дерек бойынша бір орманшының (орманды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор) орташа айлық жалақысы 99 800 теңгені құрады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті табиғи өрттің негізгі себептері ретінде мыналарды айтты:

  • Абайсызда от шығу және немқұрайлы қарау (от жағу, қоқыс өртеу, сөндірілмеген темекі);
  • Найзағай разрядтары және өртеу;
  • Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz