Фактчекерлерден қашудың амалы: Facebook-те тараған нұсқау тиімді ме?

Facebook-тың орыс тіліндегі сегментінде бірнеше кеңес жазылған нұсқау тарады. Оны орындаған адамның жазбасын фактчекерлер тексере алмайды және жазбасы “күмәнді ақпарат” деген белгі алып, бұғатталмайды деседі. Ол үшін қолданушы атауында “фактчек” деген сөз бар барлық парақшаны бұғаттауы керек екен. Осыны жиі істесе, Facebook шағымдануды қояды-мыс. “Проверено” басылымы нұсқаудағы кеңестің қаншалық тиімді екенін тексеріп көрді.

Ең әуелі басылым Facebook-тың фактчекерлері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. İnstagram, WhatsApp, Facebook сияқты желілерге иелік ететін Metа компаниясы жалған ақпарат таратпас үшін дүниежүзіндегі 90-нан астам ақпарат тексеретін фактчекиң ұйымымен серіктес (Мысалы, Associated Press, Reuters және тағы басқа). Мұндай агенттіктер ақпараттың рас-өтірігін тексеріп, талдап, қорытынды шығарады және өз деректеріне сілтеме береді. Олар ең әуелі өзекті тақырыптарды тексереді. Фактчекерлер ешкімді бұғаттамайды, ештеңені өшірмейді. Жалған ақпарат бар жазбаға тек белгі қойылады. Қолданушы жиі фейк ақпарат жарияласа, платформа оның жазбаларын ұсыныс ретінде басқаларға көрсетуді шектей алады, монетизация мүмкіндігін өшіре алады немесе мұндай контентті таратпас үшін басқа да шара қолдана алады.

Жалған ақпарат бар жазба контентті өшіруге, оны таратқан автордың парақшасын жиі немесе уақытша бұғаттауға негіз болатын себептің бірі емес (COVID-19 және вакцинация сияқты адам өміріне тікелей қатысты ақпардан басқасы). Мұндай қатаң шаралар зорлық-зомбылық, алаяқтық, қорқыту, сексуал әрекеттің суреттерін жариялағанда қолданылады. Бұл жазбаларды Facebook алгоритм арқылы немесе модераторлары қолданушылардың шағымынан соң, автомат түрде анықтайды. Сол себепті нұсқаудағы “болмашы сөз немесе тіркес үшін әдеп нормасын бұзды” (нақты не айтып тұрғаны түсініксіз. Біздіңше, өшпенділік тілін пайдаланғаны үшін контентін өшіру жазасы болса керек) деп айыптайтын фактчекерлердің парақшаларын бұғаттаудың қажеті шамалы. Мұның еш пайдасы жоқ. Олардың бір-бірімен еш байланысы жоқ.

Facebook ережесінде шындыққа сай келмейтін контенттің өшірілетіні, жазбада дезинформация және белгілі бір қауымдастықтың стандартын бұзатын ақпарат болса, қолданушыға қарсы шара қолданылатыны жазылған.

Нұсқаудағы кеңестер “фактчекерлердің контентті тексермеуіне” көмектеспейтіні анық. Себебі фактчекерлер – тірі адамдар. Олардың көбінде Facebook-те жеке және бизнес парақшасы бар. Олар белгілі бағдарламалар арқылы ақпаратты тексеруі мүмкін. Вирустық видеода “фактчек” деген сөзді түрлі нұсқада жазған парақша авторын бұғаттау керегі” айтылған. Дегенмен фактчекерлердің барлығы парақшасына, профиліне фактчекке қатысты сөз жазбауы мүмкін. Оған қарағанда фактчекерлердің жеке парақшасын бұғаттаған тиімдірек. Дегенмен желіде олардың есімдері ашық айтылмауы ықтимал, сол себепті оны анықтау да оңай емес.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz