Фактчекерлер жаһандық жылынуға қатысты фейкпен күресудің жаңа әдісін іздеп жатыр

Халықаралық фактчекиң желісінің (IFCN) климат туралы жалған ақпаратпен күресуге арналған грантын ұтып алғандар сенімді дерек тарату үшін әртүрлі инновация форматын қолданып жатыр. Бұл туралы Poynter жазды.

Көптеген жоба 2022 жылғы сәуірде, IFCN мен Meta климатқа қатысты жалған ақпаратпен күресуге арналған грант жеңімпаздарын жариялағанда басталған. Грант сомасы – шамамен 800 мың доллар. Оны Румыния, АҚШ, Франция, Кения, Үндістан сияқты жеті елдің тоғыз ұйымы ұтып алды.

Кенияда орналасқан PesaCheck компаниясының бас кеңсесі – Code of Africa Wikipedia, Wikidata және Wikicommons сайттарындағы 1300 деректі түзегенін мәлімдеді. Оған қоса ұйым климатқа қатысты дезинформация бойынша жұмыс тобын құрған, сегіз африкалық журналиске шәкіртақы берген. Журналистер жаһандық жылынуды өтірік деп санайтындардың ақпаратын жоққа шығаратын 285 фактчек-мақала жариялады.

Фактчекерлерге подкасттағы жалған ақпаратты тексеру қиын. Испаниядағы Verificat компаниясы мен Аргентинадағы Chequeado компаниясының фактчекерлері бірігіп, 5 мыңға жуық аудиоконтентті тыңдап шықты. Нәтижесінде олар климаттың өзгеріп жатқанын теріске шығарған 74 деректі тапты.

Ал PolitiFact және MediaWise фактчекерлері климат туралы 99 фейк, қастандық теориясын анықтап, материал жазды. Олардың мақалаларын АҚШ-та 700 мыңнан астам адам оқыды.

Fact Crescendo және Aaranyak компаниясы Шри-Ланкадағы, Үндістандағы қолданушылардың сауалдарына жауап беретін Climate Buddy деген WhatsApp чат-ботын жасау үшін бірікті.

Demagog Association Польшадағы 23 мыңнан астам қолданушыны қамтыған Climate Factbot деген чат-бот құрды.

USA Today басылымы Нью-Йорк қауымдастығының кітапханасымен серіктес атанып, ғылыми білімі бар екі журналистпен жұмыс істеді. Екі журналист климатқа қатысты 150 фактчек-мақала жариялауға атсалысты.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz