BBC арнасы 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған терактіні алдын ала білді ме?

Желіде BBC арнасына қатысты мәлімдеме тарады. Оған сәйкес, арна 2011 жылғы 11 қыркүйектегі терактіні оқиғаға дейін, 26 минут бұрын хабарлаған деседі. USA Today ақпаратты тексеріп көрді.

2023 жылғы 10 қыркүйекте İnstagram желісіне жарияланған постта BBC News-тің Нью-Йорктағы теракті кезіндегі репортажы көрсетілген. Видеоға комик Кевин Харттың таңғалып тұрған фотомемі қосылып, өңделген.

“BBC-дің WTC 7-нің опат болатынын оқиғаға дейін, 26 минут бұрын хабарлағанын білгендегі менің түрім”, – делінген мемде.

Роликтен жаңалықтар тілшісі мен BBC News-тің репортерын көруге болады. Олар тікелей эфирде WTC 7 ғимаратының опат болғанын айтып жатады. Дегенмен олардың артқы фонында ғимарат қаз-қалпында тұрады. Репортаж эфирге шыққан соң ғимарат құлаған.

Бұл жазба 2 мыңнан астам лайк жинады.

Алайда фактчекерлер BBC News-тің Reuters агенттігінің ғимараттың қирағанына қатысты хабарлаған қате ақпаратына сүйенгенін анықтады. Бірақ кейін оны түзеген. Бұл туралы BBC-дің 2021 жылғы қыркүйегіндегі мақаласында жазылған.

“Reuters ақпарат агенттігі ғимараттың құлағаны туралы қате хабар таратты, оны CNN де тікелей эфирден бұрын жариялады. Кейінірек Reuters қатесін түзеді, бірақ әр жылы 11 қыркүйек таяғанда репортаждың үзіндісі вирус сияқты тарауын жалғастырыл жатыр”, – деп жазды ВВС.

2007 жылы сол кездегі BBC редакторы Ричард Портер журналистер ғимараттың опат болатынын алдын ала білмегенін мәлімдеді.

“Сол күнгі хаос пен ығы-жығыда шындыққа жанаспайтын не нақты емес ақпарат таратқанымызға сенімдімін, бірақ олар сол уақытта бізде болған ең жақсы ақпараттарға негізделген”,- деді редактор.

USA Today мәліметінше, Дүниежүзілік сауда орталығының басқа құрылымдары сияқты WTC 7 ғимараты 2001 жылғы 11 қыркүйекте қасақана бұзылғанына ешқандай дәлел жоқ.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz