Балтимор көпірі лаңкестердің шабуылынан құлаған ба?

2024 жылғы 26 наурызда АҚШ-тың Балтимор қаласында үлкен көпір контейнерлік кемемен соқтығысып, құлады. Бұл апат қасақана жасалған шабуылдың нәтижесі деген болжам бар. AFP агенттігінің журналистері ақпаратты тексерді.

«Жарық сөніп, ол әдейі көпір тірегіне қарай бұрылады», – делінген 26 наурызда X платформасына жарияланған жазбада.

InfoWars негізін қалаған Алекс Джонс 2012 жылы Сэнди Хук бастауыш мектебінде болған жаппай атысты өтірік деп мәлімдегені үшін жала жабу бойынша айыпты деп танылды.

«Меніңше, бұл әдейі жасалған сияқты. Үшінші дүниежүзілік соғыс қазірдің өзінде басталды», – деп жазды ол.

X және басқа платформалардағы пайдаланушылар контейнерлік кеме Фрэнсис Скотт Кей көпіріне соқтығысқанына қатысты осыған ұқсас теория айтты.

Алайда фактчекерлер қасақана жасалған шабуылдың белгілерін таппады.

Билік көпірдің құлау себебін атамады, бірақ Балтимор полициясының комиссары Ричард Уорли террорлық шабуыл белгілерінің жоқ екенін айтты. Мэриленд штатының губернаторы Уэс Мур мұны 26 наурызда өткен баспасөз мәслихатында қайталап, шенеуніктердің «терактінің ешбір сенімді дәлелін» көрмегенін айтты. ФТБ-ның Балтимордағы кеңсесіне жауапты арнайы агент Билл ДелБагно да шабуылдың дәлелі жоқ деп мәлімдеді.

«Бәрі бұл қорқынышты апат кенеттен болғанын көрсетеді. Қазір бізде бұл жерде қандай да бір қасақана әрекет болды деп болжауға басқа ешқандай дәлел жоқ», – деді президент Джо Байден сол күні арнайы брифиңде.

Кеме экипажы Фрэнсис Скотт-Ки көпіріне соқтығыспас бұрын сигнал беріп, кемені дұрыс басқара алмай келе жатқанын ескерткен. Ескертуден кейін шамамен 90 секундтан кейін полиция көліктердің көпір үстінде жүруіне тыйым салып, қозғалысты тоқтатты. Борттағы электр қуатының не себепті үзілгені белгісіз.

Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі апаттың нақты себебін зерттеп жатыр.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz