Apple шпиондық бағдарламаға қатысты ескерту жасады

10 сәуірде Apple компаниясы 92 елдегі iPhone пайдаланушыларына шпиондық бағдарламаға қатысты қауіп барын айтып, ескерту жіберді. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.

Онда алаяқтар мен олардан хат алған қолданушылардың елі жөнінде жазылмаған.

«Apple сіздің Apple идентификаторыңызбен байланысты iPhone құрылғысын қашықтан бұзуға әрекеттенетін жалдамалы тыңшылық шабуылдың құрбаны екеніңізді анықтады», – делінген ескертуде.

Сонымен қатар онда бұл шабуыл адамның жеке басы мен мәліметіне байланысты бағытталған болуы мүмкін екені айтылған. Олар бұл мәселе бей-жай қарамау керек екенін ескертті.

Apple бұл хабарландыру түрлерін жылына бірнеше рет жібереді және 2021 жылдан бері 150-ден астам елдегі шпиондық бағдарламалардың қауіптері туралы пайдаланушыларды хабардар етті.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz